Орындаған : Шайдуллиева З. И



бет2/3
Дата24.05.2022
өлшемі1,23 Mb.
#144814
1   2   3
Байланысты:
витамин

Витаминге ұқсас заттар
1.Биофлавоноидтар (Р дәрумені деп аталады) – бұл әртүрлі қосылыстар. Көп мөлшерде олар көкөністерде, шайларда және цитрус жемістерінде кездеседі. Олар қан ұйығыштарының пайда болуына жол бермейді, қан тамырларының қабырғаларын, иммундық жүйені нығайтады және антиоксидантты әсер етеді. Мәселен, Францияда инфаркттың төмен пайыздық мөлшері осы елдегі дәстүрлі сусын – қызыл шараптағы биофлавоноидтың көп болуымен түсіндіріледі.
2.Сульфорафан брокколиде жиі кездеседі. Оның ерекшелігі - канцерогенді қосылыстарды жасушалардан оқшаулайтындығында, бұл әйелдерде сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін азайтады.
3.Эллаг қышқылы құлпынай мен жүзімде кездеседі. Ол адам ағзасының жасушаларында ДНҚ-ға шабуыл жасайтын канцерогендерді бейтараптандыруға
қабілетті.
Адам ағзасындағы химиялық элементтер — адам өміріне қажетті үрдістерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін элементтер тобы. Бұл элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі: микроэлементтер, макроэлементтер және ультрамикроэлементтер. Ал тіршілік үшін маңыздылығына байланысты тіршілікке қажетті элементтер, қосымша элементтер және өте аз элементтер деп өзара бөледі. Сондықтан, химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Алайда, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да ауыр салдарға әкеп соғады.
Макроэлементтер – көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор – нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 – 55%, оттек 22 – 24%, азот 15 – 20%, сутек 6,5 – 7%, күкірт 0,3 – 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және липидтердің (майлар), ал фосфор, фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар түрінде болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда, сүтте, және қан сұйықтығында концентрленеді. Сутек және оттек – макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су – маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5% – дан 90% – ға дейінгі аралығын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет