Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы барлық балаларға тең дәрежедегі білім беру мен оларды сапалы тәрбиелеу кепілі ретінде айқындалып, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың да білім алуына қажетті негізгі мақсаттарды айқындап көрсеткен. Және де қарттар үйіндегі қарияларды әлеуметтендіру мәселесі туралы ерекше атап өтілген.
1 қазан-Қарттар күні
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың дамуы мен қарттар үйіндегі қариялардың әлеуметтенуіне жетекші факторлардың әсерін зерттеу.
Жобаның мақсаты
Зерттеу объектісі:
мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар мен қарттар үйіндегі қариялар.
Жоба болжамы:
Егер мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар мен қарттар үйіндегі қарияларды әлеуметтендіру жұмысы ерте қолға алынса, бұл әлеуметтік көмекке зәру тұлғалар қоғамда өздерін тең құқылы азамат ретінде сезінер еді.
Зерттеу пәні:
мүгедек балалар мен қарттар үйіндегі қарияларды әлеуметтендірудің жеке бағдарламасының ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу әдістері:
1.Зерттеу мәселесі бойынша еңбектерге теориялық-практикалық талдау жасау.
2.Бақылау, сұхбаттасу әдістері
Жаңалығы:
мүгедек балалар мен қарттар үйіндегі қарияларды мәселесін теориялық тұрғыда талдау арқылы зерттелінді.