Орындаған: 9 «Ғ» сынып оқушысы Камалбек Аружан Жетекшісі: Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Сейіткерім Альбина Нұрланқызы



Дата05.05.2020
өлшемі448,37 Kb.
#65978
Байланысты:
Камалбек Аружан173 мектеп-лицей проект (2) (2)

Орындаған: 9 «Ғ» сынып оқушысы Камалбек Аружан Жетекшісі: Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Сейіткерім Альбина Нұрланқызы


«Өз жылуыңмен бөліс»

Жобаның жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті.

Жобаның өзектілігі

  • Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы барлық балаларға тең дәрежедегі білім беру мен оларды сапалы тәрбиелеу кепілі ретінде айқындалып, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың да білім алуына қажетті негізгі мақсаттарды айқындап көрсеткен. Және де қарттар үйіндегі қарияларды әлеуметтендіру мәселесі туралы ерекше атап өтілген.

1 қазан-Қарттар күні

Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың дамуы мен қарттар үйіндегі қариялардың әлеуметтенуіне жетекші факторлардың әсерін зерттеу.


Жобаның мақсаты

Зерттеу объектісі:

  • мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар мен қарттар үйіндегі қариялар.

Жоба болжамы:

  • Егер мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар мен қарттар үйіндегі қарияларды әлеуметтендіру жұмысы ерте қолға алынса, бұл әлеуметтік көмекке зәру тұлғалар қоғамда өздерін тең құқылы азамат ретінде сезінер еді.

Зерттеу пәні:

  • мүгедек балалар мен қарттар үйіндегі қарияларды әлеуметтендірудің жеке бағдарламасының ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу әдістері:

  • 1.Зерттеу мәселесі бойынша еңбектерге теориялық-практикалық талдау жасау.
  • 2.Бақылау, сұхбаттасу әдістері

Жаңалығы:

  • мүгедек балалар мен қарттар үйіндегі қарияларды мәселесін теориялық тұрғыда талдау арқылы зерттелінді.
  • «Өз жылуыңмен бөліс» атты тақырыптағы жобаның жоспары жасалынып,тәжірибеге енгізілді.
  • мүгедек балалар мен қарттар үйіндегі қарияларды әлеуметтендіруге байланысты ұсыныстар ұсынылды.

“Өз жылуыңмен бөліс” жобасының бағдарламасы




Жұмыс мазмұны

1

Қарттар мен мүгедек балалардағы әлеуметтену процесінің даму деңгейін анықтау:

-«Ізгілік жәрмеңкесі» атты тақырыпта әңгіме жүргізу;

-Сұхбаттасу;


2.

Қарттар мен мүгедек балаларды әлеуметтендіру жұмыстарын дамыту:

-”Қарттарым аман жүрмісің? “ атты тақырыпта мектеп оқушыларымен мерекелік іс-шара ұйымдастыру;

-”Мен бақытты баламын” атты тақырып аясында жарыссөз ұйымдастыру;


3.

Әлеуметтену дағдыларын бекіту:

-”Мен өмірді сүйемін” тақырыбына мектеп психологымен тренинг өткізу



4.

Қорытындылау

Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет