Орындаған: Айдаралиева А. 2022 – 2023 оқу жылы Химиялық байланыс туралы ілімнің дамуы



бет4/10
Дата31.05.2023
өлшемі48,6 Kb.
#178031
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
хим-қ байланыс

Валенттік байланыстар әдісі

1928 жылы неміс ғалымдары В.Гейтлер және Ф.Лондон валенттік байланыстар (ВБ) әдісін ұсынып, онымен сутек молекуласына кванттық – механикалық есептеулерін жүргізді. Кейінірек бұл әдіс Слейтер, Ван Флек, Л.Полинг еңбектерінде жетіле түсті.


ВБ әдісі келесі ережелерге негізделген:
1. Байланыстарды түзуге тек сыртқы электрон қабатындағы электрондар (валенттік электрондар) қатысады;
2. Химиялық байланыстарға түсуші атомдар өзара электрондарымен алмасады да, бұл электрондар байланыстырушы жұптарды түзеді;
3. Химиялық байланыс Паули қағидасына сәйкес, тек антипараллельді спиндегі электрондар арасында ғана түзіледі; мұндайда атом ядроларының арасында электрондық тығыздық жоғарылаған аймақ пайда болады;
4. Химиялық байланыстың сипаттамалары (энергиясы, ұзындығы, үйектігі және т.б.) атомдық орбитальдардың қайта жабылу типімен анықталады;
5. Молекулалар түзілген кезде электрондық құрылым (сыртқы қабаттан басқасы) және әрбір атомның химиялық өзінділігі сақталынады.
Валенттік байланыс теориясына сәйкес, коваленттік байланыстар әрекеттесуші атомдардың АО максималды қайта жабу жағына бағытталған.
Химиялық байланыстарды түзумен қатар атомның қосып алу және басқа атомдардың белгілі санының орнын басу қабілеттілігін валенттілік деп атайды. ВБ әдісінің алмасымдық механизміне орай ортақ электрондық жұп (коваленттік байланыс) түзуге әрбір атом жұптаспаған бір электроннан береді. ВБ әдісінде алмасымдық механизміндегі валенттіліктің сандық өлшемі ретінде атомның негізгі немесе қоздырылған күйде болатын жұптаспаған электрондар санын есептейді. Бұл сыртқы электрондық қабаттың жұптаспаған электрондары s- және р-элементте, d-элементтердің сыртқы және оның ішкері жағындағы қабатта, сол сияқты ƒ-элементтердің сыртқы үш қабаттарында болады (орналасады).
Атомның қоздырылған күйге ауысуы элемент валенттілігінің артуына және ауыспалы валенттіліктің бар болуына мүмкіндік жасайды. Мысалы оттек пен фтор атомдарындағы электрондық жұптар бөліне (ажыраса) алмайды, өйткені екінші қабатта бос орбитальдар жоқ. Олардан өзгешілікте, күкірт пен хлор 3d-қабатшаның бос орбиталіне ажыраса алады, тиісінше күкірт 1 және 2 валенттіліктен (негізгі күйінде) басқа тағы да 4 және 6 валенттілікте (қоздырылған күйінде) болады, ал хлор 1 валенттіліктен (негізгі күйінде) басқа 3,5 және 7 валенттілікте (қоздырылған күйінде) болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет