Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
БӨЖ
Тақырыбы:Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері.Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілерінің түрлері
Орындаған: Айтмұрза Ж
Қабылдаған: Сералиева Ұ
2018-2019
Жоспар:
1.Кіріспе________________________________________________________
2.Негізгі бөлім___________________________________________________
3.Қорытынды____________________________________________________
4.Пайдаланылған әдебиеттер______________________________________
1.Кіріспе
Қауіп-қатер қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс және уақиға.
Қауіп-қатердің көздеріне өмір сүру ортасының элементтерін, атап айтқанда пайдаланып отырған заттар, еңбектің өнімдері мен құралдарын, пайдаланылып отырған қуатты, еңбектің микроклиматтық жағдайын, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін, адамдар ұжымы мен жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым қатынас процестері де жатады.
Өмір сүру ортасында қауіп-қатер табиғи және антропогендік жағдайларда, сондай-ақ кездейсоқ уақиғалар мен тұрмыста және басқада жағдайларда кездеседі.
2.Негізгі бөлім
1. Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
Радиоактивтілік және оған жалғасатын иондық сәулелену Жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін өмір сүрді. «Иондық сәулелену» атауы физикалық табиғаты бойынша әртүрлі сәулелену түрлерін біріктіреді. Радиоактивті материалдар Жер мен Күн жүйесінің планеталарының құрамына олар пайда болған сәттен бастап кірді. Радионуклидтер тау жыныстарында, топырақта, суда кездеседі. Олар белгілі бір деңгейде өсімдіктер, адам ұлпасы мен мүшелерінде және хайуанаттарда да кездеседі.Радиоактивтік ыдырау кезінде шығатын бөлшек пен гамма-квант заттармен ықпалдаса отыра өз энергиясын иондауға жұмсайды. Осы сәулелердің ортақ термин ретінде мына сөздер пайдаланылады: иондаушы сәулелену, иондағыш радиация немесе жай ғана радиация.Халақты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарының тиімді пайдалануға ал соғысуақытында зақымдау құралдарының түрі мен өлемінің орай туындайды.Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қоғаудың ең жоғарғы деңгейіне жету үшін бейбіт уақытта сипаты мен көлемі бойынша әртүрлі инженерлік, көшіру, радиациадан қорғау, медициналық, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенін өз уақытында жоспарлау іске асырылуы кажет.
А) инженерлік шаралар:
Б) көшіру шаралары:
В) Радиация мен химиядан қорғау шаралары:
Г) Медициналық шаралар мыналарды қамтиды:
Д) Өрттен қорғау шаралары мыналарды қамтиды:
Қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу, ҚР Қарулы күштер министрлігімен, ҚР Ішкі істер министрлігімен тығыз байланыста.
Біздің планетаның тарихында (пайда болған кезінен қазіргі таңға дейін) планетарлық масштабтағы үлкен көлемді процестер үздіксіз болған және болып жатыр. Күрделі фактордың пайда болуымен – адам санасы – органикалық дүниенің жаңа эволюциясы басталды. Адамның қоршаған ортамен глобалдық тұрғыда байланысының нәтижесінде ол күрделі геологиялық күшке айналды.Адамның өндірістік іс-әрекеттері тек биосфералық эволюция саласында ғана емес, сондай-ақ ол өзінің жеке биологиялық эволюциясын, бағытын анықтайды.Адам барлық тірі организдер сияқты қоршаған ортаға бейімделе алады. Адамның жаңа табиғатқа және өндірістік жағдайларға бейімділігін әлеуметтік-биологиялық жиынтық ретінде қарастыруға болады және белгілі бір экологиялық ортада организмнің өмір сүру үшін қажет нақты тұрақты.Әр адамның өмірін қоршаған ортада тұрақты деңгейде бейімділудің нәтижесі деп қарастыруға болады, бірақ біздің мүмкіншіліктеріміз де белгілі бір шекаралардан аспайды. Қазіргі кезде адамдардың денсаулығының нашарлауы қоршаған ортаның экологиялық жағдайының нашарлауымен байланысты: атмосфераның ластануы, судың, топырақтың және азық-түліктің сапасының нашарлауы, айқайсын көбеюі т.б.Адам организмінің жағымсыз экологиялық жағдайларға бейімделуі шаршап, қажуына алып келеді. Әртүрлі ауыртпашылықтың нәтижесінде адам организмінде қажулық процесі басталады. Бұл процес кезінде адам денсаулығы нашарлайды және сауықтыру шараларының нәтижесінде қайтадан күш пайда болады.
Адам қолымен жасаған іс-әрекеттердің негізгі көздері:
- адамның өзі күрделі жүйе “организм - тұлға” адам денсаулығына мұрагерлік залалдар, организмнің физиологиялық шектеулері, психологиялық бұзылулар мен антропометриялық көрсетулер адамның ешқандай іс-әрекетке жарамайтындығын көрсетуі мүмкін;
- іс-әрекеттердің барлығы да қоршаған ортаның элементтері: заттар, құралдар мен еңбек жемісі, қолданылатын энергия, табиғат жағдайы немесе еңбектің микроклиматтық жағдайы, жануарлар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы, жеке адам;
- қоршаған орта мен адамдардың өзара қарым-қатынасы, бірақ күрделі қауіпке жататын көп факторлы құбылыстарды, кейде бірігуі немесе түрі мен жүйеленуі, бұл құбылыстардың табиғатын зерттеуде маңызды роль атқарады.
Түр мен жүйеленудің күрделі құбылысы ұғымын таксономияғылымы зерттейді. Бірақ қазіргі таңға дейін таксономияның толық және қажетті қаупі жоқ, бірақ проблемаларының біреуі схемада көрсетілген. Жай қарағанның өзінде түрдің қаншалықты қауіпті екендігін белгілерінен көруге болады.
2. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері
Төтенше жағдайға тап болған адамның одан аман-есен шығуы сирек. Кейбіреулер өмірмен мәңгілікке қоштасады, кейбіреулер ауыр жарақат алады және мертігеді, ал кейбіреулері бірінші көргенде білінбейтін бірақ ауруы асқынып, тез жазыла қоймайтын дертке шалдығады. Ол адамзаттың психикасы мен санасының жарақаттануы. Бұл адам неғұрлым қорқынышты жағдайды басынан өткізсе, солғұрлым күрделі бола түседі.
Төтенше жағдайдың алғашқы минутінде адамды сан алуан түрлі үрей билейді.Төтенше жағдай, апат төңірегінде қалыпты қал ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процесінің жиілігі болып табылады. Бұл процестерді қалпына келтіру үшін қосымша күшпен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.Дегенмен, төтенше жағдайдың ең басында бірінші кезекте адамдық фактор тұрады. Төтенше жағдайға тап болған адам біреулері денсаулықтарын жоғалтса, екіншілері ауыр жарақат пен жазылмас дертке ұшыраса, үшіншілері өмірмен қоштасады.Төтенше жағдайларды жою кезінде техногендік, табиғи және психологиялық факторлардың адамға зиянды әсер етуі нәтижесінде денсаулығының бұзылуына; жаралану (контузия, жарақат алу, мертігу), радиациялық, химиялық және бактериологиялық зақымдану; асқынған соматикалық және жұқпалы аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы, психоэмоционалдық және психосоматикалық бұзылулар жатады.Төтенше жағдай кезінде денсаулыққа зиянды әсерлерден де маңыздысы – оның психикасы мен санасының жарақаты. Оның көлемі, әсері неғұрлым көріністі болса, ол көрініс адамның жанында ұзақ уақыт өмір сүреді.Бірақ, жаратылысына қарай төтенше жағдайға тап болған барлық адамдардың қабылдау психикасы бірдей болмайды.Біреулер тез өзінің ішкі өмірлік ресурстарын жинақтап, оған шешім қабылдауға дайын болса, басқаларының жұмыс қабілеті төмендеп немесе жойылып, денсаулығы нашарлап, физиологиялық және психологиялық жағынан төмендеу құбылысы пайда болады.
Бұл көптеген факторларға;
- адам ағзасының жеке ерекшелігі
- тұқым қуалауға
- тәрбиеге
- тіршілік және еңбек жағдайына
- темпераментке
- эмоционалдық көңіл күйге байланысты.
3.Қорытынды
Қауіп – бұл жағымсыз құбылыс, ортаның энергетикалық ахуалы, адамның қолымен жасалған белгілі бір жағдайларда қоршаған ортаға өзінің кері әсерін тигізетін құбылыс. Қауіп – бұл ТҚН негізгі түсінігі, аз немесе көп мөлшерде кездесетін, бірақ адамның барлық іс-әрекетіне байланысты.Қандайда болмасын қауіп төнген кезде адам өзін психикалық түрде қолға алу керек.Бұл тақырыпта мен адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері және төтенше жағдайдың психологиялық аспектілерінен хабардар болдым.Төтенше жағдай ол аяқ астынан немесе қасақана болуы мүмкін.Сондай жағдайларда адам абдырап, сасып қалмай сол жағдайдан шығудың жолын іздеу керек.Қорытынды жасай келе адам барлық уақытта, барлық жағдайға психологиялық жағынан дайын жүруі тиіс.
4.Пайдаланылған әдебиеттер
1.Нәбиев Е.Н «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Астана қаласы, 2012жылы
2.М.Немеребаев «Тіршілік қауіпсіздігі» Алматы қаласы, 2012жылы
Достарыңызбен бөлісу: |