ӘОЖ 342.11
Г.А.Бахрамова
п.ғ.к., доцент
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Андатпа/Аннотация
Мақалада психологиялық-педагогикалық қарым-қатынастың мәні, жүйесі, негізгі ерекшеліктері қарастырылды. Оқу - танымдық әрекетін дамытудың психологиялық – педагогикалық аспектілері негізделген. Сабақты өту барысында педагогикалық және психологиялық қарым-қатынас негіздері анықталып, 5 кезең бойынша қарастырылған.
Кілттік сөздер/Ключевые слова
Қарым-қатынас, модельдеу, технология, жобалау, талғам, ынтымақтастық, зеінділік, жүзеге асыру, қарым-қатынас баспалдағы, кері байланыс.
Жалпы білім беретін мектептердегі мұғаліммен оқушылардың өзара қатынастарының сапасына байланысты тәрбие, білім алу, дамытылуы анықталады. Еркін, белсенді, өін-өзі танитын, бағалай білетін, жауапкершілікті түсінетін тұлғаларды тәрбиелеу қажет екендігі өткір сезілуде. Мұғалім мен оқушылардың өзара қатынастарына сапасына қатысты тәрбие беріледі, оның тиімділі артады, оларды бағалап, түсініп, психологиялық-педагогикалық мәселелерін негізге алатын болсақ – сабақты оқыту, білім беру тиянақты терең болуына үмітімізді арттырады.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталуының мәні білім беру жүйесін жаңғырту барысында біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор және арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының қарым-қатынастағы біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет екендігін айқындады [1].
Оқу-тәрбие үрдісін жоспарлау күрделі, бағдарламаға сай тақырыптық-күнтізбе жоспары жасалады, күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай күнделікті сабақ жоспары түзіліп, жобаланып, ойластырылады. Ал тәрбие жұмысында көп дайындықты жүзеге асыру үшін психологиялық-педагогикалық қарым-қатынас жүргізу керек [2].
Бірінші кезең қарым-қатынасты модельдеу. Өткізу технологиясын жобалау, нақтылау ұйымдастыру, басқару, уақытты есептеу, ең негізгісі – тәрбие жұмыстары, оқу сабақтарының тиімділігін, мәнін, ықпалын, үлестерін, формуласын табу керек. Оқу-тәрбие жұмыстарының психологиялық қиындығы, педагогикалық күрделілігі оқушылармен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы оқуға, тәрбие жұмыстарына тікелей даярлау, қатыстыру, белсенділіктерін арттыру.
Екінші кезең – тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру. Қарым-қатынас бастамасында табысқа жетуге сабепкер болар деген ұсыныстарды айтамыз:
1. Сынып оқушыларымен байланысты жедел ұйымдастыру.
2. Алдағы міндеттерге сай ұйымдық шаралардан нақты іске көшіп, ақылдасулар, қарым-қатынастар жасау.
3. Қарым-қатынасты жетілдіру арқылы жекелей тапсырмалар беру.
4. Сыныптағы әлеуметтік-психологиялық бірлікті арттырып, тірлікті жедел «біз» деген ортақ сезіммен шешу.
5. Оқушылардың ынтымақтастығы арқылы ұсыныстары бойынша толықтырулар жасау.
6. Оқу-тәрбие жұмыстарында жаңа бағыттар ұсыну, жалығу, қайталауларды болдырмау мақсатында кезекпен демократиялы түрлендірулер жасау.
7. Психологиялық-педагогикалық талаптарды ұлғайтып, жауапкершіліктерді арттыру, талғам мен белсенділіктерін қолдау.
8. Әрбір жұмыстарда бастамашыларды қолдап, басқалардың пікірлерін тыңдау, оң ойларын қолдау.
9. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымды қорытындылау үшін қарым-қатынастар, сенімділік, әділеттілік, демократияны сақтау.
Үшінші кезең – қарым-қатынасты меңгеру жолдары. Психолог-педагог түрлі бағыттардағы психологялық-педагогикалық байланыстары бар міндеттерді шешеді, мысалы қарым-қатынас нәтижесінде зейінділікті меңгереді. Оқушыларды оқу-тәрбие жұмыстарына қалай қызықтыруға, әсерлендіруге болады?
Оқу-тәрбие жұмыстарында мұғалімнің үлгерімі, тәртібі «төмен» оқушылармен қарым-қатынас бойынша көрнекті психолог А.А.Леонтьевтің түсінігін баяндайық:
1. Үлгерімі, тәртібі, «жақсы» шәкіртке қарағанда тәртібі, үлгерімі «нашар» оқушыға жауап беруіне аз уақыт береді, оның ойлануына мүмкіндік бермейді.
2. Егер жауап дұрыс болмаса, ол сұрақты қайталамайды, көмектемпейді, басқасын сұрайды, дұрыс жауабын өзіайтады.
3. Ол «ымырашылдыққа» салынады, теріс берілген жауапты оң бағалайды.
4. Сонымен бірге үлгерімі «төмен» шәкіртке қате жауабы үшін ұрысып-сөгеді.
5. Тиісінше дұрыс жауабы үшін сирек мақтайды.
6. Үлгерімі, тәрбиесі «нашар» оқушының оқушының жауабына құлақ аспауға тырысып, оны байқамаған болып, басқасын шақырады.
7. Үлгерімі, тәрбиесі «жақсы» оқушымен пікірлеседі, «нашар» үлгерімдегі, тәрбиедегі оқушыға сирек қарайды.
8. Сирек шақырады, кейде сабақта онымен мүлде жұмыс жүргізбейді.
Төртінші кезең – психологиялық-педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру мақсатында талдау. Мұғалім оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізілуіне қатысты қарым-қатынастарына талдау жасап, артық-кем тұстарын еске алып, оның нәтижесіндегі салдарын байқау арқылы қарым-қатынас жүйесін жобалау, жоспарлауы тиіс.
Қарым-қатынастар үрдісі тиімді болуы, оқушылардың психологиясында болып тұратын өзгерістер ескерілуі үшін келесі ұсыныстар жасалады:
1. Оқушыларға қарым-қатынас жасауда ілтипат сақтаңыз.
2. Оқушылармен жеке пікірлескенде ойын тыңдаңыз, мән беріңіз.
3. Оқушылармен қарым-қатынас жасағанда олардың сөзіне, әрекетіне бақылау жасаңыз.
4. Әңгімелесушіңіз жауабын алдын-ала білуге әрекет жасап, есіңізде сақтап, қарым-қатынасты достық бағытта, жылы шыраймен жүргізіңіз.
5. Оқушылардың сырт көрінісін, жүріс-тұрысын, сөйлеу мәдениетін, әдеп сақтауын талдай, бағалай біліңіз.
6. Қарым-қатынас жасау кезінде өзіңіз әдеп сақтап, мәдениетті сөйлеп үлгі көрсете біліңіз.
7. Оқушылармен оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты кез-келген мәселелерді алдымен тыңдап, ойланып, дұрыс жауап беріңіз.
Қарым-қатынастарды жүргізгенде мынадай ұтымды үлгілерді ұсынамыз:
1. Мүмкін болғанша өзіңіз өзекті мәселелерді, мұқтаждық туралы ойланбай, әңгімелеуші тұлға мұқтажын, өзекті мәселесін ойланғаныңыз жөн.
2. Мүмкін болса, басқалар жайлы ойланып, олардың дұрыс, жағымды қасиеттерін, іс-әрекеттерін қарым-қатынас жасауда негізге алыңыз.
3. Әрбір сөзіңіз, іс-әрекетіңіз ұнамды, тартымды болсын, көп тыңдап, бақылау жасап, ойланып қарым-қатынас жасаңыз.
4. Психологиялық-педагогикалық қарым-қатынас жасауда топ, сынып оқушыларымен толық түсінісу ерекше, ал олардың жандүниесіне жан-жақты түсіну, ұтымды, мақсатты мәнді.
Психологиялық-педагогикалық қарым-қатынастың келесі кезекті баспалдағы – ауызша қарым-қатынас.
мұғалімнің оқу материалын баяндау, тәрбие тақырыбына түсініктеме беруі, тәрбие сағатын өткізу туралы ойын жеткізуі. Бұл үрдіс күрделі, келесі маңызды міндеттер орындалуы керек;
мұғалімнің түсініктемесін, ойын, сөзін шәкірттер тыңдауы;
түсіндіру ғана емес, олардың түсіне білуін қамтамасыз ету;
олардың психологиясы арқылы тыңдаулары, зейінділігі, қабылдауы, сөзге мән беруі, есте сақтауы т.б.;
тыңдауы,жазып алуы, саналы және сапалы ұғуы, бейнелі қабылдауы, қолданылуы, болашақты, даму жайлы ойлануы.
Бесінші кезең – кері байланыс. Кері байланыс – қарым-қатынастың кез келген процестің қажетті құрамдасы, ол психологиялық-педагогикалық қызметте ұстанымдық, кәсіптік сипаты бар. Қарым-қатынаста тұрақты әсер ететін кері байланыс оқу материалдарын меңгерулерін, оқу тапсырмасын зерделеуді, қосымша оқып игеру деңгейлерін айқындауға, сабақтағы тәрбие сағаттарына дайындықтарын, ондағы психологиялық ахуалды, оқушылардың көңіл-күйін, олардың өзара қарым-қатынастарын, өзара көмектерінің бағытын, нәтижелерін т.б. білуге жәрдемдеседі. Қарым-қатынаста тұрақты әрекет ететеін кері байланыс оқушылармен тиімді өзара әрекетті дұрыстап ұйымдастыруға жәрдемдеседі [3].
Кері байланыстардың нәтижелерін білу мақсатында қарым-қатынасты жетілдіру үшін мынадай бақылаулар жүргізуге болады:
өзінің оқушылармен қарым-қатынастарында кері байланыс қалай орындалады, ықпалын, нәтижесін бақылаңыз, тиісті қорытындылау жасау;
шәкірттермен қарым-қатынас барысында олардың көңіл-күйлерін, ықыластарын, оқуға, тәрбие тұрмыстарына әзірлігін т.б. сезіп, жақсарту мақсатымен қалай, қандай қарым-қатынастар жасауға болатынын білу;
сынып бөлмесіне енген кезде оқушылардың психологиялық күйлеріне шолу арқылы, көріністері, сабаққа әзірліктері, құрал жабдықтарын даярлаулары, оның үнемі жайғастырушыларына зейін аударып, байқаулар бойынша қандай іс-әрекеттер жүргізуге болатынын анықтау;
жас жеткіншіктерге сабақ, тәрбие жұмыстары ақпараттар мен басқа мәнді, мазмұнды әңгімелер айтқанда сөзге зейін қою дәрежесі аңғарыла ма, қарым-қатынас жалғастырыла ма, өзгертілеме, аяқтала ма, пікірлері тыңдала ма, қандай амалдар қолдануға болатынын тиянақтау.
Психологиялық-педагогикалық қарым-қатынастарда кері байланыс мәнді, мазмұнды болғанда қажеттігі, тиімділігі артатындығын естен шығармау, оған тақырыпқа, қарастырылатын мәселелер бойынша дайындық қажет. Сонымен бірге баяндауда мәселелерді жүйелеп, ретімен жалғастыру қажет. Қарым-қатынастарда шәкірттерді тыңдау, пікірлерін білу мақсатында ретімен сөз беру, ұсыныстарын тыңдау мәнді, маңызды болады. Психолог-педагогтың, тәрбиешінің, сынып жетекшісінің кері байланыстары оқу, тәрбие материалдарын қабылдаулары және сабақтың, тәрбие сағаттарының танымды-өнегелік деңгейін арттыра түседі.
Қарым-қатынастардың кері байланысты сақтау, оны жүзеге асыру жүйелі, орынды, психологиялық-педагогикалық такты сақталу арқылы жүзеге асырылғанда тиімділігі артады. Қарым-қатынаста кері байланыстар психолог-педагогтар мен шәкірттердің түсінулерін дамытса, бірлесе белсенділіктер көрсетсе, сұрақ-жауап, дәлелдер, түсініктемелер, орындаулар сапаланса, шығармашылық ынтымақтастыққа жетеді, оған лайықты қажетті түзетулер, толықтырулар жасалса, технология тиімділігі, тереңдетілуі тиянақтылығы артады [4].
Ерекше атап өтетін мәселе, біз талдау жасаған психологиялық-педагогикалық процестердегі қарым-қатынас сатылары сабақтарда, тәрбие сағаттарында, сыныптан, мектептен тыс жұмыстарда ұдайы қайталанып отыруы мүмкін. Дәлірек айтқанда, олар психологиялық-педагогикалық қарым-қатынастың кез келген әрекеттердің құрылымын құрайды.
Сондықтан, психологиялық-педагогикалық қарым-қатынастар:
оқытудың оқу, тәрбиелік, дамытушылық функцияларын үнемі зерделеу, жетілдіру, толықтыру арқылы оның сапасын арттыратын алсақ, тиімділігін, табыстарын көре алуға мүмкіндік бар екендігі анықталған.
Оқушыларды психологиялық тұрғыдан түсіне білетін, педагогикалық мәселелерді ұғынатын, ел болашақтары бағалай білетін, ізгілік пен білім нұрын дамыту үшін оларға ыстық ықылас жасайтын ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынастары, бірлігі, ынтымақты шанайы болуы тиісті Жалпы білім беретін мектептердегі мұғалім мен оқушылардың өзара қатынастарының сапасына байланысты жақсылық пен қайырымдылық, халық пен мемлекет алдындағы рухани сенімділік борышы ойдағыдай дәрежеде болуы үшін психология мен педагогикалық талаптарға сай оқу-тәрбие жұмыстары жұргізілуі мәнді.
Әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты». Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. -Астана, 2012. 27 қаңтар.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030».Үкімет жаршысы. -Алматы, 1998.-112 б.
3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». -Астана, 2005. -44 б.
4. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». -Астана, 24 қазан 2011ж.
Сведения об авторах
Айжарқын Молдабай – студентка 1 курса группы ФК-14-3к, специальности 5В010300-«Педагогика и психология» факультета «Физическая культура и спорт» ЮКГУ им.М.Ауезова, г.Шымкент,
Гульмира Абдурасуловна Бахрамова – научный руководитель, кандидат педагогических наук, доцент кафедры «Психология и дефектология» факультета «Физическая культура и спорт»
ЮКГУ им.М.Ауезова, г.Шымкент, сот. 8 778 212 34 00, e-mail: gulia1966@list.ru
Резюме
В статье рассматриваются сущность, система, основные особенности психолого-педагогических взаимоотношений между учителем и учащимися общеобразовательной школы в процессе учебно-воспитательной работы. Раскрываются пути пяти этапов взаимоотношений как: моделирование, организация, технология усвоения, методы применения, обратная связь. Дается понятие ступеням психолого-педагогических взаимоотношений и реализации в повседневном процессе.
Information about the authors
Aiharkin Moldabai – 1nd year student group FC-14-3K1, specialty 5V010300- ‘ Pedagogics and psychology’ faculty ‘ Physical Culture and Sports’ SKSU named M. Auezov, Shymkent.
Gulmira Abdurasulovna Bahramova- the supervisor, Ph.D. Associate professor ‘Psychology and defectology’ faculty ‘Physical Culture and Sports’ SKSU named M. Auezov, Shymkent.сот. 8 778 212 34 00, e-mail: gulia1966@list.ru
Resume
Достарыңызбен бөлісу: |