2-тапсырма. Әкімшілік-құқықтық норманың элементтерін атаңыз және сипаттама беріңіз:
1. Гипотеза- бұл құқық нормаларын қолдану жағдайлары. Норманың гипотезасымен қарастырылған мән-жайлар әкімшілік — құқықтық қатынастарды тудыратын, өзгертетін және тоқтатын заңды фактілер болып табылады, мысалы, адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, соның нәтижесінде заңды жауапкершілікке тартылады, адамның белгілі бір жасқа толуы (16 жасқа толуы, бұл кезде азамат төл құжатын алады немесе 18 жасқа толуы, яғни кәмелеттік жасқа толуы, бұл кезде адам құқықтық қатынастардың толыққанды субъектісі болады). Бұл жерде заңды фактілер болып 16 жасқа толу (оқиға), төл құжатын жоғалтып алу (әрекет).
Гипотезаның мынадай түрлері болады:
— абсолютті — анықталған — бұл құқық нормасы қолданылатын нақтылы жағдайды көрсетеді, мысалы, уақытында салықты төлу.
— салыстырмалы — анықталған — бұл кезде құқық нормасы жүзеге асырылатын жағдайлардың жалпы сипаты ғана көрсетіледі.
2. Диспозиция- бұл мінез-құлық ережелері, бұнда субъектілердің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Құқық нормасының негізін қалайтын басты элементі болып табылады. Диспозиция -бұл ұйғарымдар, бұйрықтар, жарлықтар, тиым салушылықтарлар, рұқсат берушіліктер.
3. Санкция- бұл мінез — құлық ережелерін бұзғаны үшін нормамен қарастырылған жағымсыз зардаптарды көрсететін құқық нормасының элементі.
3-тапсырма. Әкімшілік-құқықтық әдістерді атаңыз және сипаттама беріңіз:
Әдіс түрі
|
Әдіске сипаттама
|
Міндеттеу
|
Міндеттеу - нормамен белгіленген шарттарда әрекет оның талаптарына толық сәйкес етілуін тікелей міндеттілігін жүктеу;
|
Тыйым салу
|
Тыйым салу - қайбір белгілі құқықтың тұрғысынан жол беруге болмайтын әрекеттерді жасаудан бас тартуды талап ету;
|
Рұқсат ету
|
Руқсат ету – тұлғаларға қалаганын істеуге емес, бәлкім нақты нормамен белгіленген шарттардың шеңберінен шыға алмайтын, онымен алдын ала ескерілген жүріс-тұрыс варианттардан біреуін дербес таңдаудың мумкіндігін беру .
|
4-тапсырма. Глоссарий жасаңыз:
Әкімшілік құқық- Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған Қр құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.
Басқару- Басқарудың әкімшілік - құқықтық нысаны – бұл атқарушы органның (лауазымды тұлғасының) өз құзырлығы шегінде жүзеге асырылатын және нақты салдарлар тудыратын, оның әрекетінің сырттай көрсетілген әрекеті.
Әкімшілік-құқықтық әдістер- Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін мемлекеттік басқару өрісіндегі қоғамдық қатынастар тұрады. Бұл жалпы түсініктемені нақтылап айтатын болсақ, әкімшілік құқық пәніне: -атқару билік органдарын ұйымдастырумен байланысты;
-әкімшілік билік органдарының азаматтармен, мемлекеттік пен мемлекеттік емес ұйымдармен басқару және әректесуі барысында әкімшілік-өктем өкілеттіктерін пайдалану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Құқық жүйесі- бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құқықтың жүйелік құрылымы оның белгілі бір байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |