2. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің біртұтастық тұжырымдамасы. Этносаралық және конфессияаралық келісімді, азаматтық бірлікті қамтамасыз ету Қазақстан дамуының, елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңғыруының маңызды шарты болып табылады. Ел бірлігі доктринасы (бұдан әрі - Доктрина) 2008 жылғы 23 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті берген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Доктрина Конституцияның, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңның және өзге де нормативтік- құқықтық актілердің ережелеріне, сонымен қатар, аталған саладағы халықаралық құқық нормаларына негізделген. Доктринада ұлттық саясаттың мақсаттары, міндеттері, ұстанымдары, сондай-ақ оны іске асырудың негізгі бағыттары баяндалған. Доктрина қоғамды әрі қарай ұйыстыруға қолайлы шарттарды қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге негіз болып табылады.