Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университі.
Экономика, басқару және құқық.
Халықаралық қатынастар кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: 90 жж. Халықаралық қатынастар. КСРО-ның ыдырауы. Екі полярлы жүйенің жойылуы.
Орындаған: Байтуған Т.
Қабылдаған: Абсаттар С.
Тобы: ЗХҚ-111
2022-2023
Жоспар:
Кіріспе
90 жж. Халықаралық қатынастар.
КСРО-ның ыдырауы.
Екі полярлы жүйенің жойылуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1990 жылдың басында КСРО-ның ыдырауы мен Ресей Федерациясының қоғамдық-экономикалық құрылымындағы түбегейлі өзгеріс АҚШ пен Ресей арасындағы бұрынғы қарым-қатынастың өткенкеткенін көрсетеді. Кеңес Одағының құлдырауымен халықаралық қатынастар жүйесі биполярлық жүйеден монополярлы жүйеге көшті. КСРО-ның əлемдік сахнадан кетуі аса қуатты держава болып қалған АҚШ-қа əлемдегі түбегейлі өзгерістерді, сонымен қатар барлық геосаяси жəне стратегиялық артықшылықтарын ескере отырып, өзінің сыртқы саяси бағдарын қайта қарастыруға жол ашты.
Бұл кезеңде АҚШ-та «Клинтон доктринасы» деп аталатын АҚШ-тың əлемдегі рөлі туралы идея қалыптасты. Оның негізгі мəні АҚШ өзіне «демократия мен еркіндікті» қорғайтын «əлемдік көшбасшы» міндетін алды. «Қырғи-қабақ соғыстағы» бұрынғы қарсыластарына келгенде жаңа əкімшілік болған сыртқы саяси құрылымынан, əсіресе «тежеу» саясатынан бас тартып, əлемдегі «демократиялық мемлекеттің еркін рыноктық» қауымдастығының кеңеюін, яғни «кеңею» стратегиясын жариялады. АҚШ президенті Б. Клинтон, оның бірінші əкімшілігінің мүшелері – мемлекеттік хатшы У. Кристофер, қорғаныс министрі У. Перри, əкімшілік өкілі М. Маккери, АҚШтың Ресейдегі елшісі Т. Пикеринг өздерінің ресми құжаттардағы бірқатар мəлімдемелерінде Ресеймен қарым-қатынастың мəні мен маңызын пайымдады.Əлемдегі барлық геосаяси өзгерістерден кейін Ресейдің алдында əлемдік аренада өз орнын анықтау жəне мемлекеттің ұлттық мүдделері мен басымдылықтарын белгілеу негізгі міндет болды. Қарастырылып отырған кезеңдегі сыртқы саяси қызметтегі негізгі ықпалды РФ президенті Б. Ельцин мен сол кездегі сыртқы істер министрі А.В. Козыревтың жаңа көзқарастары көрсетті. 1991-1995 ж. Ресей сыртқы саясатында америкалық бағыттың басым болғанын атап өту керек. Бұрынғы идеологиялық ұстанымнан бас тартқан Ресей басшылығы қырғи-қабақ соғыста конфронтацияның жалғыз себебі болғанын жариялап, қысқа мерзім ішінде Ресейде «өркендеуші экономикалық нарығы бар демократиялық мемлекет» құруға ниеттенді. Жаңа билік батысты жəне бірінші кезекте АҚШ-ты ішкі реформалар жүргізуге қажетті, негізгі экономикалық көмек көзі жəне басты саяси жəне идеологиялық одақтас ретінде көрді. Екі ел Ресей жəне АҚШ президенттері «ортақ мүдделер мен берік серіктестік қатынаста» екенін бірнеше рет мəлімдеді.
Шын мəнінде, осы жылдардағы Ресейдің сыртқы саясатын бірнеше кезеңге бөлуге болады. Біріншісі, 1991-1995 ж. мемлекет өз бағытын батысқа, əсіресе АҚШ-қа назар салды. Екінші кезең 1996 жылдан бастап сыртқы саяси басшылық ауысқаннан кейінгі кезеңде Ресейде көпвекторлы саясат жарияланды.
1992 жылдан 1996 жылға дейінгі кезеңде толығымен Америка-Ресей қатынастарында орнықты құқықтық негіз құрылды. Барлығы тоқсан алты үкіметаралық жəне мемлекетаралық құжатқа қол қойылды. Бұл көрсеткіш 1933-1991 ж. аралығында елу тоғыз жыл ішінде кеңес-америкалық құжаттарының жартысын құрайды. Екі ел арасындағы əртүрлі сауда-экономикалық жəне ғылымитехникалық салаларды реттейтін келісімдердің саны өсті. Əріптестіктің жаңа бағыты – инвестиция пайда болды. Кеңестік кезеңмен салыстырғанда, əскери-саяси мəселелер бойынша келісімдер саны əлдеқайда төмендеді.
1992 жылы қазанда АҚШ-та америкалық ведомстволарды міндеттеген посткеңестік мемлекеттерге экономикалық жəне гуманитарлық көмек көрсететін еркіндікті қолдау заңы қабылданды. Заң осы мемлекеттерде жүргізілетін «нарықтық реформа», «демократия», «əлеуметтік реформа» сияқты үш критерийге негізделген, саяси жəне экономикалық реформалардың нəтижелігінің ескерілуін талап етті. Американың Ресейге алғашқы көмегі 1992 ж. қаңтарда өткен халықаралық үйлестіру конференциясынан бастау алды. Бұл кезде АҚШ гуманитарлық көмек көрсететін халықаралық əріптестік шеңберінде бірнеше жұмыс топтарына қатысу мен гуманитарлық көмек көрсететін бағдарламаларын жариялады. Осы кезден бастап үш негізгі сала: гуманитарлық, техникалық, кредиттер кепілдігі мен экономикалық келісімдер бойынша Ресейге көмек көрсетіле бастады.
Ресей мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың маңызын айтқанда, əріптестіктің оң да, теріс те жақтарын атап өту керек. Əрине, Ресей тарихындағы қиын кезеңде Құрама Штаттардың Ресейге көрсеткен экономикалық көмегін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, соған қарамастан, АҚШ өзінің экономикалық бағдарламалары арқылы ресейлік рыноктағы америкалық компанияларға белсенді жұмыс атқаруға жəрдемдеседі, америкалық экспортты қаражаттандырды, өздерінің мемлекеттік жəне жекеменшік ұйымдарына қаржылай көмек көрсетеді.
1991 жылы америкалық-кеңес қатынастарындағы қарусыздандыру мен стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту мəселесіне байланысты жаңа дем берілді. 1991 жылдың тамыз айында АҚШ-тың бастамашыл тобы кеңестік түбі бар кеңінен таралған жаппай қырып-жоятын қарудың қаупіне бағытталған жоспар құрды. Топқа америкалық сенаторлар С. Нанн, Р. Лугар, Карнеги қорының президенті Д. Гамбург жəне т.б. кірді. 1992 жылы 17 маусымда АҚШ пен Ресей Нанна-Лугар заңы бойынша АҚШ-тан Ресейге құрал жіберуге рұқсат ететін «Қауіпсіз жəне сенімді тасымалдайтын, қарудың сақталуы мен оны жою жəне оның таралмауының алдын алу» туралы жеті жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісімшарт Ресей-Америка əріптестігінің қауіпті бірлесе отырып азайту саласы бойынша құқықтық негізі болды. Мақсаты Ресей ураны үшін ашылған АҚШ рыногы мен «ядролық қауіпті азайту» болып табылатын Нанна-Лугар бағдарламасын айрықша атап өту керек. Бастапқыда Нанна-Лугар заңы ядролық қаруды таратуды ескертуге АҚШ бюджетінен қаражат тартуды көздемеген. Клинтон əкімшілігінің өкілдері Нанна-Лугар бағдарламасын қаруды бақылаудың жаңа формасы, привентивті дипломатия, ядролық қаруды таратудағы нəтижелі жəне тиімді күрес құралы, тіпті АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясын қамтамасыз ететін басты элементі ретінде сипаттады. Бұл айтылған барлық факторлар 1992-1994 жылдары бағдарламаны 1,2 млрд долл. көлемінде қаражаттандыруды анықтады. 1995 жылы тағы да 400 млн долл. бөлінуі көзделді.
1992 жылы маусымда Вашингтонда өткен жоғарғы кездесуде «шеңберлік» келісім жасалып, 1993 жылы оның негізінде АҚШ пен Ресей арасында қол қойылған стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы Мəскеу Құжаты (СШҚ-2) екі мемлекеттің ядролық қуатының ең радикалды қысқартуын қарастырды. Осылайша, жаңа құжат қырғи-қабақ соғыс кезіндегі əскери-саяси конфронтацияның шынымен аяқталғанын көрсететін айғағы жəне тек Ресей мен АҚШ арасында ғана емес, жалпы Шығыс-Батыс бағыты бойынша да жаңа сипаттағы қатынастардың негізін салады. Құжаттың құрылымы қарапайым болды. Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту екі кезеңде жүзеге асыру қарастырылды. Біріншісі – жеті жыл ішінде өз күшіне енгеннен кейін. Екіншісі – 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін. Соғыс құралдарындағы жарылғыш заттары санының қысқартылған жағдайда тараптар СШҚ-1 құжатында көрсетілген шектеулерден бас тарта алады. СШҚ-2 мұндай азайтуда бір ғана шектеу қоя алады – əр МБР-ге соғыс құралдарындағы жарылғыш заттар 5 бірліктен артық қысқармауы керек жəне мұндай қысқартылулар бір типті МБР-дің 105-тен артық емес зымырандарына қолданыла алады. Тəжірибеде бұл ережелер АҚШ тарапынан жол бергендігін жəне Ресей үшін 300-дің 105-ін сақтап қалу мүмкіндігін береді.
1995 жылы Ресей-Америка қатынастарының жағдайы біршама нашарлады. Ресей тарапы АҚШ сыртқы саясаты мазмұны бойынша Америка президентінің риторикасына сəйкес келмеуіне көңілі толмады. Республикалық көпшілік Ресейге экономикалық көмек көрсету жолын қайта қарастыруға көшті. Конгресс мүшелері президент Б. Ельцинді қолдау саясаты өзін ақтамады деген тұжырымға келді. Заң шығарушыларды бағалаудағы өзгерістер конгресс пен АҚШ президенті қатынастары арасындағы қақтығысты күшейтті. Конгресс елде саяси жəне экономикалық реформалар аяқталмай отыр деп көрсетіп, Клинтон əкімшілігі Ресейдің демократиялық ұстанымын асыра бағалады деп айыптады. Заң шығарушылардың Ресейдің бірінші президенті Б. Ельцин тұлғасына қатынасы өзгерді. 1995-1996 жылдары сыртқы саяси мəселелер бойынша Ресей басшылығының бағыттарында біршама өзгерістер орын алды. Сыртқы саяси бағыттың нағыз өзгерілуі 1996 жылы 9 қаңтарда жаңа сыртқы істер министрі Е.М. Примаков тағайындалғаннан кейін байқалды. АҚШ Е.М. Примаковтың тұлғасына сақтықпен қарады. Батыста Е.М. Примаковты қатаң саясаткер ретінде таныды. Е.М. Примаков АҚШ-пен қатынаста теңқұқықтық əріптес құру курсын ұстанғанын айта кету керек.
АҚШ-та Е.М.Примаков саясатын бақталастық ретінде бағалады. 90-жылдардың басында «стратегиялық əріптестік» деңгейіне жеткен Ресей-Америка қатынастарының мəртебесі келесі жылдары біртіндеп төмендеді. АҚШ-тың ресми тұлғаларының мəлімдемелерінде: бірінші «прагматикалық серіктестік» деңгейі, кейін «реалистік серіктестік», «ескертілме шеттетілу» (preemptive disengagement) жəне соңында XXI ғасыр қарсаңында конфронтация саясатына қайтып келу жəне тіпті Құрама Штаттар тарапынан Ресейді «тежеу» (containment) саясатының жаңа нұсқасы қаупінің алдында тұрды. 1994 жылы ақпанда сенатор Ричард Лугар Мəскеу мен Вашингтон арасындағы қатынасты əріптестік емес, «қатаң бақталастық» ретінде қарастырды
1993 жылы Ресей президенті Б.Н. Ельцин одаққа Польшаның кіруіне еш қарсылық білдірмейтінін айтты.1994 жылдың соңында Вашингтон кеңею курсын толығымен нақты қолдайтындығы жөнінде мəлімдеді. АҚШ бұл мəселені шешуде ымыраға келу мүмкіндігін жібермеді. НАТО кеңеюінің жаңа толқыны одаққа Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттері (Варшава келісімшарты ұйымының бұрынғы мүшелері) жəне Балтық елдерінің кіруін ойлады. НАТО күші мен əскери инфрақұрылымды Ресей шекарасына жақын орналастыру мүмкіндігі Ресей тарапынан қатты үрей туғызды. Əсіресе Ресей НАТО-ның құрамына Балтық елдерін қосу мен одаққа жаңа қосылған мүшелердің территориясына ядролық қару орналастыруына қарсы шықты. Осы мəселеге арналған екіжақты келіссөздердің барысында АҚШ Ресейге одақтың жаңа мүшелерінің территориясында НАТО-ның қарапайым əскерін орналастырмауға кепілдік беруден бас тартты. Одаққа кіру құқығы бар мемлекеттерді Ресейдің талабы бойынша анықтауға АҚШ құқылы емес екендігін айтты. Оның орнына Ресей «Бейбітшілік үшін əріптестік» бағдарламасының шеңберінде НАТО-мен əріптесуді ұсынды, ал 1997 жылы негіз болатын Актіге Ресей Федерациясы мен солтүстік-атлантикалық құжат ұйымының арасында қол қойылды.
НАТО-ның кеңеюі Ресей-Америка қатынастарындағы маңызды мəселе болып табылады. 19921996 жылдары альянстың шығысқа қарай қозғалуы ашық түрде болса, ал 1999 жылы мамырда оның құрамына үш жаңа мүше – Чехия, Венгрия, Польша қабылданды. Еуропа территориясы бойынша 750 километрге жылжыған Солтүстік-атлантикалық одақ ТМД шекараларына жақындады. 1990 жылы сол кездегі АҚШ мемлекеттік хатшысы Дж.Бейкер Кеңес Одағына НАТО «өз ұстанымдарынан шығысқа қарай бір қарыс та жақындамайды» деп сендірсе де, 1999 жылы солтүстік-атлантикалық одаққа үш жаңа мүше қабылданып, Югославияда көрсеткендей, НАТО-ға БҰҰ-ның санкциясыз жер шарының кез келген нүктесінде əскери қимылдар жүргізуге мүмкіндік беріп, блок жаңа стратегиялық концепция қабылдады.
АҚШ Ресейдің ТМД мемлекеттеріне деген қатынасына сын көзбен қарады. АҚШ-тың бұрынғы кеңес мемлекеттерін демократиялық тəуелсіз ұлттық мемлекеттерге өзгертуге күш салуы негізгі бағыт болды. Негізгі назар жəне көмек Украина, Грузия, Қазақстанға жұмылдырылды. АҚШ Ресейді Достастық елдерінің территориясында əскери база ұстауын да сынға алды. Ресейдің посткеңестік кеңістіктегі интеграцияға бағытталған барлық талпыныстары Ресейдің империялық амбициясының жандануы болып анықталды.
1995-2000 жылдар арасындағы қатынастарда керісінше салқындылық белең ала бастайды. Оның ең басты себебіне Варшава келісімшарты елдерінің бірнешеуінің жəне Балтық жағалауы елдерінің НАТО-ға алынуы, Солтүстік атлантикалық одақтың шығысқа қарай, яғни Ресей шекарасына қарай жақындауы Ресейге төнген қауіп болып есептелді.
КСРО-ның ыдырауы орталық одақтық өкiмет және одақтас республикалардың жоғарғы кеңестері, президенттері орындарына жаңа сайланған өкiмет өкiлдерінiң арасындағы өткiр қарсы тұрумен бейнелендi. Республикалық жоғарғы кеңестер 1989—1990 жылдары барлығы бірдей мемлекеттiк егемендiк туралы декларацияларын қабылдап, кейбiреулері - тәуелсiздiк декларациясын жариялады.
КСРО-ның 15 республикасының 9-ында 1991 жылдың 17 наурызында азаматтардың үштен екiсi жаңартылған одақтың сақталуын шешу мақсатында Бүкiлодақтық референдум жүргiзiлдi. Бірақ орталық өкiметке ахуалды тұрақтандырудың сәтi түспедi.
Сәтi түспеген мемлекеттiк төңкерістің нәтижесінде Балтық жағалауы республикаларының тәуелсiздiгiнiң ресми мойындауы болды. Украина тәуелсiздiгi жарияланған Бүкiл Украиналық референдумнан кейiн КСРО-ны сақтау мүмкiн емес болды. Беларусь, Украина және Ресей Федерациясы 1991 жылдың 8 желтоқсан күні қол қойған Тәуелсiз мемлекеттердiң достастығын құру туралы келiсiмде мәлiмдеген.
Нəтижесінде ТМД-ға қатыстыКлинтон əкімшілігінің саясаты бұл аймақтағы америкалық ұстанымның күшеюіне бағытталды. АҚШ өзінің мүдделі аймағы ретінде Каспий бассейнінің мұнайлы аймағын анықтады, сонымен қатар көрші мемлекеттерге қысым көрсетудің алдын алу үшін Ресей территориясын айналып өтетін құбыр салуды ұсынды. Осылайша, 90-жылдардағы АмерикаРесей қатынастарының дамуында анық ассиметрия байқалды. АҚШ халықаралық мəселелерді шешуде өз мүдделерінің іске асуында қатаң ұстанды. Ресейлік саясаткерлер керісінше, Ресейдің мүдделерін қорғай алмады. Мүмкін оның себебі мықты оппозиция жəне елдегі либералдардың тұрақсыз жағдайында болған шығар. Нəтижесінде XXI ғасырдың басына қарай Ресей-Америка қарым-қатынасы XX ғасырдың соңғы он жылындағы өз дамуының ең төменгі нүктесіне түсті. АҚШ сыртқы саяси бағытында ресейлік бағыттың басымдылығы маңыздылығын жоғалтты. Жаңа жүзжылдыққа арналған Американың ұлттық қауіпсіздігінің жаңа стратегиясында Американың сыртқы саясатының бағыттары трансатлантикалық қатынастар басқа кеңістікке ауысты. НАТО Американың Еуропадағы тірегі жəне трансатлантикалық қауіпсіздіктің өзегі болып қала береді. Ресейдің саяси элитасы арасында жалпы қоғамда АҚШ саясатына сенімсіздік өседі.
Сонымен, айтылған ойларымыздың бəрін тұжырымдай келе, мынадай қорытындылар жасауға болады:
Біріншіден, КСРО-ның тікелей мұрагері болып саналатын Ресей Федерациясының Америка Құрама Штаттары мен сыртқы саясатының негізгі мəні мен бағыттары КСРО тұсындағы саясаттың біршама жалғасы болып табылады. Ресей Федерациясы XX ғасырдың 90-жылдарында өзінің АҚШпен қарым-қатынасында тең дəрежелі саясат жүргізуге тырысқанмен, АҚШ-тың жетекші рөл атқарғаны анық байқалады.
Екіншіден, тарихи хронологиялық тұрғыдан алғанда, он жыл ішіндегі екі ел арасындағы қарымқатынастардың барысын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарастырамыз. 1991-1995 жылдар аралығындағы қатынастар. Бұл кезеңдегі қарым-қатынастардан мынадай ағымдарды көреміз. Екі ел арасындағы жасалған көптеген келісімшарттар, мəлімдемелер, келісімдер болашақ қатынастардың құқықтық негізін қалап, салыстырмалы түрде алғанда, жемісті болды деуге болады. Соның нəтижесінде екі ел бұрынғы қарсыластан əріптестік ұстанымға көшті.
Достарыңызбен бөлісу: |