ПРЗЕНТАЦИЯ Такырыбы: Маскүнемдік, нашақорлық, токсикоманияның патофизиологиялық аспектілері Орындаған: Батырбекова Аружан. Топ:СТҚА-01-21 Қабылдаған: Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Нашақорлық-қоғам дерті 2. Нашақорлық этиологиясы 3. Есірткі түрлері 4. Токсикомания 6. Маскүнемдік ІІІ. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.
Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр.
Есірткі АҚШ-та ХІХ ғасырда пайда болды. Дәрігерлер алдына келген науқастарға, сай-сүйегіндей сырқырайтын ауруды басып, тез ұйықтататын дәрі-дәрмек ретінде адам ағзасынынң жалпы күш-қуатын арттыратын морфи мен апииннан алынатын препараттарды қолданатын.
Есірткі түрлері:
- Марихуана
- Героин
- Кокаин
- Экстази
Марихуана
Марихуана– кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.
Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.
Кокаин
Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.
Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.
Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады.
Героин
Ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.
Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады.
Экстази
Экстази– 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада «экстази» таблеткасын музыкамен біріктіруден болған эффект «ашылды». Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен шаршамай билеуге болады. «Экстази» 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтыс болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |