Жатыр артериясы (a. uterina) ішкі мықын артериясынан басталады. Оның жоғарғы және төменгі бұтақтары жатырдың жалпақ байламдарының арасынан өтіп, жатырдың алдыңғы және артқы беттеріне бұтақтарын береді.

аналық без артериясы (a. Ovarica) аналық без бен жатыр түтікшелеріне бұтақтарын береді, жатыр артериясының аналық безді бұтағымен анастомоз жасау арқылы аналық бездерді қанмен қоректендіреді.
Аналық без артериясы (a. Ovarica) және жатыр артериясының (a. Uterina) түтіктік бұтақтары анастомоз құру арқылы жатыр түтікшелерін қанмен қамтамасыз етеді.
Қынап артериясы (a. Vaginalis) жатыр артериясынан тарайды. Қынаптың төменгі бөлігі ішкі жыныс артериясымен және тік ішек ортаңғы артериясы арқылы; ортаңғы бөлігі-қуық артериясынның төменгі қынаптық бұтақтарымен, жоғарғы бөлігі жатыр артериясының, мойынды-қынаптық бұтақтары арқылы қанмен қамтамасыз етеді.