Жақпа майлар сапасын бағалау бойынша көрсеткіштері: •сыртқы түрі
•түсі мен иісіне сәйкестігі
•араластырудың біркелкілігі
•массадағы ауытқу
•суспензиялық және аралас жақпа үшін қатты (ұсақталмаған) бөлшектердің болуы және мөлшері.
Қолданатын жері бойынша
Табиғи май негізінде дайындалған жақпа майлар ұлпаларға терең енгенімен, тұрақтылығы ұзақ сақталмайды. Май тәрізді заттар терең сіңірушілік және жоғарғы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Вазелин мен парафин негізіндегі жақпа майлар үстіртін ғана әсер еткенмен, бірақ сақталуы тұрақты. Осыған байланысты, жақпа май негіздері тері қабатына енуімен қатар, препараттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде жақпа майлар дайындау үшін 100-ге тарта негіздер белгілі. Олар химиялық бойынша сыртқы түрі, алыну көзі бойынша ажыратады.
Жақпа майлардың негізді таңдау ауру түріне дәрілік заттардың физико-химиялық қасиетіне байланысты.
СҰЙЫҚ ОПЕДОЛЬДЕКТОР Сұйык опедольдок - спиртті линименттiн дәрiлiк калыпты түрі. Опедольдок дайындау үшiн сабынды спирттiн 2 белігі, судың 1 бөлiгi және 96° этил спиртінін 1 белiгi араластырылады. Осылай дайындалған Опедольдок әртүрлi тинктуралармен 3 %, 5 % және10 % қатынасында араластырылады. Опедольдок концентрациялары жақпа майлар мен майлар концентрацияларына тура келеді.
Дайындалған дәрiлiк қалыптын сигнатурасында «Опедольдок» деген белгi болады және қандай дәрiлiк затпен араласқаны көрсетiледi. Мысалы, Опедольдок Брионин және тағы солай.
Суппозиторий (Suppositoria)
Суппозиторийді «Бутирум какаодан» дайындалган массасы белгілі мөлшердегi дәрiлiк заттары бар спиртті тұрындылар және экстрактармен араластыру арқылы алады. Ыңғайлы көлемдегі суппозиторий массасын дайындау және жақсы байланыстыру үшін, керек болған жағдайда, сусыз ланолин косады.
Әрбір суппозиторийге 2 тамшы экстракт немесе алдын - ала буландырылған 20 тамшы тинктура қосылады.
Қорытынды
Жұмсақ дәрілік заттар өсімдіктер құрамына байланысты түрлі емдік қасиеттері болады. Белгілі жұмсақ дәрілер қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, жараны жазу,сергіту мақсаттарында қолданылады.