Жанама әсерлері аз және ең бастысы физикалық тәуелділік даму қаупі өте төмең. Сонымен қатар ұзақ уақыт қолдануға болады, себебі эйфория сирек дамиды.
ФЕНТАНИЛ анальгезиялық белсенділігі өте жоғары, белсенділігі жағынан ол морфиннен 100-400 есе күшті. Оның айырмашылығының ерекшелігі ауру сезімін қысқа уақытқа басуы (20-30 минут). Әсері 1-3 мин кейін дамиды.
Нейролептанальгезия үшін нейролептик дроперидолмен ( таломонал) бірге қолданады. Осындай анальгезияның түрін науқас сана-сезімінде болуын қажет ететін жағдайларда қолданады, мысалы миокард инфарктісінде.
КОДЕИН (Codeinum, 0, 015 табл). Анальгетик ретінде морфиннен айтарлықтай әлсіз. Жөтелге қарсы әсері морфиннен әлсіз, бірақ тәжірибеде айтарлықтай жеткілікті.