МОРФИЛОНГ Құрамында морфин гидрохлориді бар. Әсер ету ұзақтылығымен (22-24 сағат) және үлкен қарқынды әсерімен ерекшелінеді. Жанама әсерлері айқын емес, Әсері ұзартылған ауру сезімін басатын зат ретінде қолданады: оташалаудан кейінгі кезеңде;
айқын көрінетін ауыру синдромы.
ОМНОПОН – құрамында 48-50% морфин және 32-35% басқа фенантрен және изохинолин (папаверин) қатарының алкалоидтары бар. Әлсіз спазмогенді әсер көрсетеді. Қолднау көрсеткіштері морфиндікіндей.
ПРОМЕДОЛ синтетикалық препарат. Жансыздандыру қабілеті бойынша морфиннен 2-4 есе төмен. Әсер ету ұзақтылығы 3-4 сағат. Лоқсуды және құсуды сирек туғызады, тыныс орталығын аз дәрежеде тежейді.