Орындаған: Дүйсенбай Гүлжамал 1-тақырып. Эпидемиологиясы



бет1/8
Дата08.02.2022
өлшемі64,53 Kb.
#98173
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 такырып фтиз Дуйсенбай


Орындаған: Дүйсенбай Гүлжамал
1-тақырып.


  1. Эпидемиологиясы

Қазақстан Республикасында жыл сайын көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулезбен ауыратын екі мыңға жуық ауру анықталады, бұл туберкулезбен алғаш анықталған науқастардың жалпы санының 25% - ын құрайды және соңғы 8-9 жыл ішінде көрсетілген деңгейде қалып отыр.
Соңғы 3 жылда ҚР – да туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 1,1 есеге (2018 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 2016 жылғы 52,7-ден 48,2-ге дейін), өлім-жітім көрсеткіші 1,4 есеге (100 мың тұрғынға шаққанда 3,4-тен 2,4-ке дейін) төмендеді.
2019 жылдың 9 айында сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 34,7, өлім – 1,6 құрады, сырқаттанушылық пен өлім – жітімнің төмендеу қарқыны жылдан жылға 7-8% - ды, ал Еуропа өңірі елдерінде-2-3% - ды құрайды.
Алғаш рет анықталған сезімтал туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу тиімділігі 2019 жылы ДДҰ стандарты – 85% кезінде 88,6% (2016 жылы – 86,9%); ал көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу тиімділігі ДДҰ стандарты - 75% кезінде 81,0% (2016 жылы – 78,2%) құрады.
Туберкулезді тиімді диагностикалау және емдеу соңғы 3 жылда туберкулезбен ауырған 53 мыңнан астам адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет