Орындаған: Дүйсенбай Гүлжамал 1-тақырып. Эпидемиологиясы


Туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюрографиялық зерттеп-қарауға жататын "қауіпті" топ адамдарының тізбесі



бет5/8
Дата08.02.2022
өлшемі64,53 Kb.
#98173
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 такырып фтиз Дуйсенбай

Туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюрографиялық зерттеп-қарауға жататын "қауіпті" топ адамдарының тізбесі:



1) бактерияның бөлінуіне қарамастан туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар;
2) өкпенің созылмалы ерекше емес ауруларымен, қант диабетімен, алкоголизммен, нашақорлықпен, адамның иммунтапшылығы вирусымен/жүре пайда болған иммунтапшылығы синдромымен диспансерлік есепте тұрған адамдар;
3) өкпесінде кез келген этиологияның қалдық пайда болуы бар адамдар;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар.

Туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюрографиялық зерттеп-қарауға жататын адамдарының тізбесі:
1) медициналық ұйымдардың қызметкерлері;
2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдарының) қызметкерлері;
3) әскери қызметке шақырылғандар;
4) орта және жоғары оқу орындарының студенттері, училище оқушылары;
5) 15-17 жас аралығындағы балалар;
6) босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдер перзентханадан шыққанан кейін бір ай ішінде;
7) жаңа туған нәрестенің перинаталдық орталықтан (босандыру бөлімшесінен) туберкулезге қарсы вакцинациясыз шыққанға дейінгі отбасы мүшелері;
8) стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан), психоневрологиялық диспансерлерден арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын адамдар контингенті;
9) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар;
10) тергеудегі және сотталғандар (жылына 2 рет);
11) ішкі істер органдарының қызметкерлері, оның ішінде мамандандырылған күзет қызметінің, патрульдік-посттық, жол-патрульдік және учаскелік қызметтердің, тергеу изоляторларының және түзеу мекемелерінің қызметкерлері (жылына 1 рет);
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзетуді қамтамасыз ететін, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдардың мінез-құлқын қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын, сотталғандарды және қамауға алынған адамдарды тасуды, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын әскери қызметкерлер (жылына 2 рет);
12) жедел қызметтің әскери қызметкерлері (жылына 2 рет);
13) Қарулы күштердің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери жасақтардың әскери қызметкерлері;
14) тамақ өнеркәсібінің, қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы объектілерінің қызметкерлері;
15) мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың қызметкерлері;
16) жоғары және орта арнаулы оқу орындарының қызметкерлері;
17) Қазақстан Республикасына уақытша тұруға, оның ішінде еңбек миграциясы бойынша келген адамдар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет