Қақырыққа микроскопиялық зерттеу және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында гендік-молекулярлық әдіске қолжетімділік болған кезде адамдарға екі аптадан артық жалғасатын жөтел (жөтел туберкулездің өкпелі (жұқпалы) түрі бар науқастардың басты симптомдары болып табылады) және төменде санамаланған клиникалық симптомдардың бірі немесе бірнешеуі болған кезде жүргізіледі:
1) салмақ тастау;
2) тершеңдік;
3) кеуде қуысындағы ауырсыну;
4) қан түкіру;
5) жалпы әлсіздік және тез шаршау;
6) ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі.