Орындаған: Егемберди Р. М тобы: млп-20-1нк МӨЖ тапсырмалары



Дата07.02.2022
өлшемі16,94 Kb.
#87525
Байланысты:
МЛП-20-1нк-Егемберди Р.


Орындаған: Егемберди Р.М
Тобы: МЛП-20-1нк

МӨЖ тапсырмалары: «Жоғары білім берудегі қазіргі парадигмалар» (кесте)


Парадигмалар

Парадигмалардың сипаттамасы

Әдебиет (дерек көздері)

1.Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы)

Дәстүрлі-консервативті парадигма негізін үш постулат құрайды.
1)білім беру негізінде базалық білімдер мен соларға сәйкесті икемділіктер мен дағдылар жатуы керек.
2)білім беру жүйесі академиялық сипатқа ие болып, ғылымның негізгі салаларына бағдарлануы керек. Мектеп уақыт сынынан өткен, білім беру негізін құрайтын мәселелерге баса назар аударауы тиіс.
3)Этикалық құндылықтарға ерекше орын беріледі.
Бұл парадигма сақтаушылық функцияға негізделген. Мектеп мақсаты әлеуметтік реттілікті сақтауға ықпал ететін идеалдар мен құндылықтарды сақтау және кейінгі ұрпаққа беру болып табылады. Академиялық бағыттылық өмірмен байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Бұл парадигма Кеңестер Одағында өткен ғасырдың 50-жылдарына дейін сақталып келді.

http://erkin.ucoz.kz/publ/azirgi_bilim_beru_paradigmalary/1-1-0-54



2.Технократиялық (аралық) парадигма

Бұл парадигма ғылыми-техникалық революция құбылыстары мен деректерін қадағалау мен олардың салдарынан туындады. Оның негізінде ғылыми дәлелденген, тәжірибемен сынақтан өткен шындық туралы түсініктер жатыр.
Технократиялық парадигмадағы мұғалім ұраны: «Күш - білімде!».
Мұнда шынайылық өлшемі тәжірибе болып табылады. Бұл жағдайда білім нәтижесі «иә-жоқ», «біледі-білмейді», «меңгерген-меңгермеген» деп есепке алынады. Әрдайым белгілі бір эталон, үлгі, норматив болады да, білім деңгейі сонымен өлшенеді. Адамның сапасы белгілі бір әлеуметтік функцияларды орындауға дайындығын бағалау арқылы анықталады. Қажетті білім, тиісті құлық туралы түсінік мемлекеттік деңгейде анықталып, бекітіледі. Философиялық сана деңгейінде ғылым мен білімге деген «сүйіспеншілік» болады, бірақ балаға деген шынайы сүйіспеншілік артық нәрсе ретінде алынып тасталып, оның орнына талап пен құрмет назарға алынады.
Ресми түрде Кеңестер Одағында 1958 жылы ендірілді. Оқулықтардан Конституция, Психология, Логика алынып тасталды. Орнына техникалық қызмет көрсету, әскери дайындық пәндері енгізілді. Қазіргі еңбек практикасы - сол парадигманың жаңғырығы.

http://erkin.ucoz.kz/publ/azirgi_bilim_beru_paradigmalary/1-1-0-54



3.Бихевиористік (құлық) парадигмасы

Бихевиористік (құлық) парадигма негізінде психологиялық бағдарлану жатыр. Бихевиоризм – мінез-құлықты адамның сыртқы ортаның әсеріне реакциясы ретінде қарастыратын мінез-құлықтың психологиялық теориясы. Мұнда ішкі көңіл-күйге емес, сыртқы стимулға көбірек назар аударылады.
Бұл үлгіде мектеп балалардың мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында білім игеру жолы ретінде қарастырылады.
Мектеп мақсаты: оқушыларды ортаға, белгілі бір ситуацияларға бейімделген мінез-құлық қалыптастыру және әлеуметтік нормаларға, мәдени талаптарға сай келетін белгілі бір әрекеттер жиынтығын беру.
Құлық ұғымымен адамға тән (ойлар, сезімдер, әрекеттер сияқты) барлық реакция түрлері белгіленеді. «Әлеуметтік инженерия» терминін американ психологі Скиннер енгізген. Мұның бәрі нақты бір дағдылар мен реакцияларды қалыптастыруға бағытталады. Бұл парадигма Австралияда, Бельгияда, АҚШ-та қолданылған.

http://erkin.ucoz.kz/publ/azirgi_bilim_beru_paradigmalary/1-1-0-54



4.Гуманистік (Феноменологиялық) парадигма

Басты назарда – оқушының дамуы, оның жеке мұқтаждықтары, тұлғааралық қарым-қатынастар. Түйіні: ізгілікті амал, тұлғалық өсуге көмек беру, өмірге дайындығына назар аудару.Бұл амалдың негізінде даму, өзіндік даму, өзін-өзі көрсету, шығармашылық жатыр.
Даму – оқушының берілген тапсырманы шешуде белсенділік пен дербестіктің жоғары деңгейіне өтуі.
Выгодскийдің айтуынша, даму балаға берілетін көмек шамасымен анықталады. Выгодский бойынша, дамудың екі аймағы бар:
Өзекті даму аймағы, яғни БИД (білім, икем, дағды) меңгеріп, оны өздігінен пайдалану аймағы.Жақын даму аймағы, яғни білім игеру үшін баланың ересектер көмегін пайдалану аймағы.Сонымен бірге, жалпы даму (әмбебап қабілеттер), арнайы даму (салалық қабілеттер, дарындылық), мәдени даму салалары бар.
Дамудың ең жоғары деңгейі – өзіндік даму.
Бастысы: таным жолын әркімнің өздігінен табуы.
Ұраны: «Таным – күш!».
Педагогикалық процесс диалог немесе полилог бойынша жүзеге асады және импровизацияға толы, біржақты шындық болмайды.
Негізгі ұстанымы: әркімнің дүниені тану құқығын шектемей балалар мен ересектердің құндылық-бағдарлы теңдігі.
Бұл бағыт субъект-субъектілік қарым-қатынасты қалыптастырады.

http://erkin.ucoz.kz/publ/azirgi_bilim_beru_paradigmalary/1-1-0-54



5.Іс-әрекеттік және тұлғалық парадигмалық тұрғылар

Педагогикалық іс-әрекеттер мынадай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.
Педагогикалық үдеріс жеке тұлғаға, оның дамуына, қалыптасуына бағытталады. Жеке тұлғаның даралығын, қабілеттерін дамытуға бағдар алуы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет