Орындаған: Әлшер Рахат Тексерген


Кіріспе Ұрықтағы қанайналым



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі1,51 Mb.
#88389
1   2   3   4
Байланысты:
Әлшер Рахат БоӨж

Кіріспе

Ұрықтағы қанайналым

  • Жатырішілік дамуда ұрықтағы қанайналым бір-біріне жалғасатын үш сатыдан өтеді:
  • Сарыуыздық
  • Аллантоидтық
  • плацентарлы

Жүректің дамуы

  • Кардиогенді аймақтың түзілуі
  • Ангиогенді табақшалардың миграциясы
  • Жүрек түтігінің қалыптасуы
  • Жүрек түтігінің төрт камералы ағзаға трансформациясы
  • Қақпақшалық аппараттың түзілуі.

Жүрек дамуының сатылары

Баладағы жүрек

  • Жаңа туған балалардың жүрегі дене салмағының 0,8% құрайды,ересектерде 0,4%.
  • Сол және оң қарыншалары өзара тең, қабырғасының қалыңдығы 5мм шамасында.
  • Жаңа туған баланың миокарды жіңішке, өзара толық ажыратылмаған, көп ұсақ, сопақша ядролары бар бұлшық ет талшықтарынан құралады.

Баладағы жүрек

  • Дәнекер тіні мен эластикалық талшықтар аз дамығандықтан көлденең сызықталу және ұзынша бөліну нашар бөлініп тұрады.
  • Жас өскен сайын миофибриллалар, Пуркинье талшықтары қалыңдайды, ядролары таяқша тәрізді, ірі болып өзгереді, бірақ саны азаяды.
  • Баланың жүрегі 10-14 жастың арасында жүректің ақырғы тіндік дифференциясы аяқталады.

Балалардағы жүрек құрылысы

  • Ерте жастағы балаларда эндокард борпылдақтығымен ерекшеленеді,өскен сайын қақпақшалары, эпикард қалыңдайды. Оң жіне сол тәж артерияларының арасында анастомоздары көп болғандықтан жүректің қанмен жабдықталуы өте жақсы, мол. Жас өскен сайын тәж артерияларының сыйымдылығы ұлғаяды, анастомоздар кері дамуға ұшырайды.

Тамырдың жасқа байланысты ерекшеліктері

  • Жаңа туылған баланың тамырларының қабырғаларындағы эластикалық каркасы жетілгенімен ет қабығы нашар дамыған болады.
  • Аттас артериялар мен веналардың диаметрі бірдей, артериялардың қабырғасының құрылыс ерекшелігі әлі білінбейді.

Тамырдың жасқа байланысты ерекшеліктері

  • Тек нәрестенің бір айлық дамуының соңына қарай, эластинді және ет типті артерияларында айырмашылық біліне бастайды. Веналары артерияларға қарағанда тез дамиды. Тамырдың толық қалыптасуы баланың 12 жасында байқалады.

Балалардағы артериялар

  • Артериялардың өсу қарқыны неғұрлым баяу болады.
  • Туар кезде өкпе артериясының саңылауы аортадан кең, аорта 16мм, өкпе артериясы 21мм, 10-12 жаста олардың саңылаулары теңеледі.

Баладағы веналар

    • Веналар қабырғасындағы өзгерістер өмірдің алғашқы жылдарында басталады. Адам туар алдында сан венасы мен аяқтың тері асты веналарының ортаңғы қабықшасында айналмалы орналасқан бұлшық ет жасушалары ғана болады. 1 жастың соңына қарай бойлай орналасқан бұлшық ет жасушаларының шоғыры дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет