Орындаған: Гайбулла Гулрух Тобы: фақ-111A Қабылдаған



бет3/4
Дата11.03.2023
өлшемі30,23 Kb.
#171882
1   2   3   4
Байланысты:
философия бөж

Болмыс формалары
Ғасырлар бойғы дүние тану процесінде адамдар болмыстың мынадай негізгі формаларын танып білді:

  • Заттар (денелер), процестер болмысы, ал бұлардың өзі біртұтас табиғат – болмысы және адамның қолымен жасалған заттар мен процестер болмысы болып екіге бөлінеді

  • Адам болмысы – бұл да заттар дүниесіндегі адам болмысы және таза адамдық болмыс болып бөлінеді.

  • Рухани (идеялық болмыс) – бұл жеке адамның рухани және жалпы адамдық рухани болмыс болып жіктеледі

  • Әлеуметтік болмыс – бұл жеке адам болмысы мен қоғамдық болмыстан тұрады

Болмыстың бұл формаларын топтастыра келгенде материалдық болмыс және рухани болмыс болып, екі топқа бөлінеді.Болмыстың бұл формаларын топтастыра келгенде, материалдық болмыс және рухани болмыс болып екі топқа бөлінеді. Осы екі болмыстың арасындағы қатынастан философияның негізгі мәселесі - руханидың (ойлаудың, сананың) руханидан тыс, тәуелсіз объективтік (материалдық) болмысқа қатынас мәселесі шықты. Болмыстың барлық басты салаларын қарастырғанда мынадай сұрақ туады: бұлардың бәрін біріктіретін не нәрсе, шексіз алуан түрлі дүниенің бәрінің бірлігі неде? Бұл бірлік жайындағы ой пікірлер дүниеде бар барлық нәрселердің бәріне ортақ негіз туралы түсініктің тууына алып келді, ал бұл философияда субстанция категориясын тудырады. Субстанция (латынша substantia - негізінде жатқан мән дегенді білдіреді) толып жатқан нақты заттардың, құбылыстардың, процестер мен оқиғалардың көп түрлілігінің ішкі бірлігін, мәнін білдіреді. Дәлірек айтсақ, субстанция деп дүниедегі барлық нәрселердің бастапқы мәнін, пайда болу негізін түсінеді. Егер түрліше жеке заттар мен құбылыстар пайда болатын және жойылатын болса, ал субстанция жойылмайды да жоқтан пайда болмайды, тек өзінің болмысының формасын ғана өзгертіп, басқа күйге өзгереді. Ол - өзі өзінің себебі және басқа нәрселердің өзгерісінің негізі. Қоғамдық сананың формасы ретінде философияның қалыптасуының өзі ең алдымен осы субстанция идеясының тууынан және айналадағы дүниенің субстандиялық бірлігінің, шындық дүние құбылыстарының заңды байланысының тууынан болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет