Болмысжәне ештеңе Болмыстың барлық мазмұны оның даму жолында өзінің барлық
формаларын туғызып, барлық мәнділікті іске асырғанда ғана айқын-
далады. Бұл жолды Гегель және одан басқаша теориялық негізде Маркста негіздеуге тырысқан. Гегель оны танымның жолы деп білді. Ал ол жалпы адамдық болмыстың жолы. Осындай ең абстракциялық, кез келген өзгешіліктерден, айқындықтардан ада барлық, яғни жалпы бар
екендігінен басқа айқындыгы жоқ барлық, ол - нақты барлықтардың
бәріне бірдей, олардың нақты өзгешеліктеріне селқос. Ақиқат болмыс пен жалған болмыстың арасын ажырататын өлшем әлі жоқ. Се-
бебі ескерткеніміздей, абстракциялық болмыстың ұғымы, ол - әлі
болмыстың толық ұғымы емес. Өзінің бар екендігінен басқа айқындығы жоқ, нақты мазмұннан бос форма, яғни мағынадан таза болмыс белгілі дәрежеде жоқтықпен барабар, ол осы жағынан - жоқтық немесе басқаша атасақ -
ештеңе. Әйтеуір бар нәрсе, бірақ оның қандай, қалай екендігі туралы ешнәрсе айтуға болмайды, себебі одан басқа қасиет-терге көшсек, онда біз басқа категорияға ауысып кетеміз. Яғни болмысты оның нақты формаларынан бөлек, оқшау қарау осығанәкеледі. Бірақ бар болса, барлық тым жалпы болса да, белгілі бір айқындық. Сондықтан таза болмыстың таза ештеңелікпен барабарлығы абсолюттік емес. Біз ештеңелікті де белгілі бір бар нәрседей
қабылдаймыз, оны болмысқа қарсы қоямыз. Ал егер біз ештеңе туралы да оны бар нәрседей қабылдап, оны болмыстан бөлінбейтін қасиетіндей қарайтын болсақ, оның негізінде: ештеңе де бар, себебі ештеңе белгілі бір
бірдеңенің ештеңесі, бірдеңенің басқа бір қалпы не өзіне өзінің қаты-
насы болғаны. Болудың өзі де адам әлемінде әртүрлі, яғни жалған да, шын да болатыны гой. Біреулердің “болдым” деп жүрген болмысы мазмүны жағынан пәс, яғни жалған болуы ықтимал. Ол әрине, абстракциялық болмысқа кіреді, ол да болудың бір түрі, өйткені бір “жанның” мұратының іске асқаны.
Адамға жануардың болмысымен болу жарамайды. Оған табиғаттағы кез келген заттың болмысы да болмыс емес. Бірақ олардың бар-
лығына өз деңгейіндегі болмысы жарамды. Адам универсалдық жаратылыс болғандықтан, оған барлық болмыстардың өз мәнін олардың өзіндік өлшемінде қабылдауы және бағалай білуі тиіс. Сол
мағынада оған басқа барлық дүниенің өзіндік болмысы тартымды.
Сондықтан да өзінің универсалдық мәнділігінің шеңберінде басқа
барлық болмыстардың шын мәнділігінің орны болуға тиіс. Бұл адамның, бүкіл әлемнің алдындағы жауапкершілігі. Осыдан келіп оның
бүкіл әлеммен үйлесімді қатынасы шығады, шығуға тиіс. Яғни біздің
түсінуіміздегі болмыс - ол адамның мәнділігінің болмысы, тірі организм болып тіршілік етіп жүруінде ғана емес. Философия тарихында да әртүрлі бағыттар негізінде қандай құндылықты қабылдауына сай біреулері болмысты, екіншілері мәнді әртүрлі категорияларды алға тартуы мүмкін.
Қорыта келсек, болмыс ұғымы өз бойында бүкіл әлемді (мате-
рия мен рухты, субъект пен объектіні), олардың өзара байланысын
қамтиды. Бұл – шегіне жеткенінше кең ұғым, сондықтан оның мазмұны да жиырылған түрінде оның ішінде жатыр. Болмыс дегеніміз дүниеде өмір сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де,қатынастар мен байланыстар да, яғни бәрі-бәрі.
Пайдаланған әдебиеттер: Әбішсв Қ. Философия: Студенттер мен аспиранттарға арналған оқулык,. —Алматы, 2001.
Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. —Алматы, 2001