Жеке-дара (жекеленген) өндіріс - өнім жекеленген немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен айналысатын өндіріс.
Бүл түрдегі өндірістің маңызды ерекшеліктері:
- көбінесе қайталанбайтын өнімнің көп атаулығы;
- технологиялық мамандану бойынша жүмыс орындарын үйымдастыру;
- бөлшектер мен агрегаттардың тұрақты атаулысын, белгілі бір жүмыскерлерге құрастыру және қүрастыру операцияларын бекіту мүмкіндігінің болмауы;
- әмбебап қүрал-жабдық пен технологиялық жасақтауды пайдалану;
- қолдан құрастыру мен аяқтау операцияларының үлкен көлемінің болуы;
- өндірістік үдерісте қамтылған жоғары білікті әмбебапжұмыскерлер санының басым болуы;
- өндірістік циклдің үзақтығы;
- аяқталмаған өндірістік өнімнің көлемі едәуір болуы;
- өндірістік жоспарлау мен өндірісті басқаруды орталықсыздандыру;
- өнім сапасын бақылау үдерістерін автоматтандырудың қажетсіздігі;