Орындаған: Илиева Жанеля 173 топ студенті Күні



бет4/11
Дата07.02.2022
өлшемі1,59 Mb.
#97433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Таныстыру тәжәрибесі 3 Илиева Жанеля

Кәсіпорынның қаржысын ұйымдастырудың мәні - өндірістің соңғы нәтижесіне барынша тиімді түрде ықпал ету мақсатымен ақша қорын қалыптастыру және ақша ағындарының қозғалысымен байланыстырылған қаржылық қарым-қатынас ұйымдастыруды қамтитын қаржы тетігін құру және оның қызмет етуін қамтамасыз ету, яғни кәсіпорынның қаржылық тетігі ұзақ мерзімді, орта мерзімдегі жэне ағымдағы кәсіпорынның қаржылық даму мақсатына жету үшін қаржылық қарым-қатынас пен ақша қорының оңтайлы әрекеттесуін ұйымдастыратын кәсіпорын басқарудағы ішкі жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономикада қаржы жайын ойластыру кәсіпорын іс-әрекетінің бастапқы бастау шегі мен соңғы нәтижесі болып табылады. Әрбір шаруашылық оны іске асыруға қажетті қаржы ресурсын тартудан басталады. Кәсіпорынның қаржы ресурсы - бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға жэне кеңейтілген қайта жаңғыртуды қамтамасыз етуге арналған ақша қаражаттарының табыстары және амортизациялар, сыртқы табыстар мен кірістелген төлемдер түріндегі бір бөлігі. Шығу тегіне қарай қаржы ресурстары ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған) қаражаттар болып бөлінеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жалпы жүйелік талдаудың маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Қаржылық талдау келесілерден тұрады: 
- бастапқы талдау
- қаржылық тұрақтылықты бағалау; 
- теңдестіктің абсолютті өтімділігін талдау
- қаржы коэффициенты талдау; 
- қаржылық нәтижелерді талдау
- табыстылық пен іскерлік белсенділігінің коэффициенттерін талдау.
Бастапқы талдаудың қорытындысы ретінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беріледі және теңдестік құрылымның жарамдылығы мен төлемқабілеттілігі анықталады. Кәсіпорынның қазіргі қаржылық жағдайының себептерін, даму болашағын анықтау үшін кәсіпорын қызметіне тереңінен, жан-жақты және кешенді талдау жасалады.
2.ТҮСІНУ
2.1 Экономикалық қызмет кезеңін оның мысалдарымен байланыстырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет