Топтамалық(Сериялық) өндіріс түрі кең номенклатуралы, біртектес өнімдерді бір уақытта сериялармен шығаруды көздейді. Сериялы өндіріске партиялармен енгізілген, конструкциялары бірдей өнімдерді бір уақытта шығару жатады.
Негізгі ерекшеліктері:
біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шығарылып тұруы;
жұмыс орнының тек қана партиямен орындауға мамандануы;
бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;
мамандандырылған құралдар мен технологиялық жабдықтардың көп қолданылуы;
қолмен жинау еңбегінің аз мөлшері;
орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;
өндіріс циклының ұзақ еместігі;
өнім сапасының бақылау процесінің автоматтандандырылуы.
Түрлері – ұсақ сериялы , орташа сериялы, жаппай сериялы өндірістер, мысалы: самолет шығаратын, мотор шығаратын заводтар.
Жаппай өндіріс - өндірісті мамандандырудың ең жоғары сатысы. Мысалы, автомобиль, трактор заводтары. Бұл түрі бойынша әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырылады.
Ерекшеліктері:
тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;
жұмыс орнынының тек қана бір операцияны орындауға мамандандырылуы;
жұмыс орындарының операциялардың ретіне қарай орналасуы;
арнайы және мамандандырылған техннологиялық құрал-жабдықтардың үлкен көлемі;
механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық процесстердің көп қолданылуы;
операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аздығы;
қолмен жинау жұмыстары көлемінің азаюы;
ең төменгі білікті жұмысшылардың еңбегін қолдану;
өндіріс циклының қысқаруы;
өндірісті басқаруды және жоспарлауды шоғырландыру;