Байланысты: «Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған ойын сауықтар»
Үндістан
1986 жылы құрастырылған және 1992 жылы толықтырылған білім туралы Ұлттық заң, көптеген кәсіпқойлар, бірқатар штат өкілдері мен басқа қызығушылық танытқан адамдардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде пайда болды. Аталған бағдарламаның аясында, білім осы елдің барлық тұрғындарына ұсынылуы керек. Заңның негізгі қағидалары білім алудағы және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға теңдей құқық пен мүмкіндік ұсынуда, кедергілерді жобға бағытталған. Елдің көп тілдігін, оның діни, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін, сонымен бірге ұзақ ғасырлар бойы колония (бодан) ретінде болудың салдарын ескерудің қажеттілігі атап көрсетіледі.Мүгедек балалар, қыздар, ұлттық аз топтар мен шалғай аймақта тұратын балалар, қосымша зейін аударуға мұқтаж балалар ретінде анықталды. Оқшауланған топтарға бірқатар тайпалар мен ақсүйектер жатады.