ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «МИРАС» КОЛЛЕДЖІ МЕКЕМЕСІ
Орындаған:Жамал Зарина Қабылдаған:Жукеева Ақерке
Шымкент 2022
Бастауыш сынып мұғалімінің төменгі сынып білім алушыларымен оқу жұмысын жоспарлау құрылымы мен мазмұны.
Оқу жоспары – оқу орындарында пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат. Оқу жоспары оқу орнының мақсат-міндетіне сай жасалады. Оқу жоспарында көрсетілген білім бағыты мен сипаты оқу бағдарламалары мен оқулықтарда айқындалады.
Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы (сыныптар) бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.
Типтік оқу жоспары – Білім және ғылым министрлігінде жасалып, барлық орта мектепке ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектілі, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады.
1. Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу.
Дәлелденген нақты жоспар – әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығын көрсетеді. Жоспар қысқа,нақты және айқын болу керек.
2. Нысаны бойынша жоспар – мәтіндік, графикалық және аралас болып бөлінеді.
Оқу жоспары
жылдық жоспар
Сабақ жоспары
тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Тақырыптық - күнтізбелік жоспарда әр сынып бойынша тұтас оқу жылында қамтылатын тақырыптар мен оларға бөлінген сағат саны белгіленеді. Бұл жоспар оқу бағдарламасы негізінде Қалалық білім бері бөлімінде жасалып, барлық мектепке таратылады.
Күнтізбелік жоспарда барлық жалпы мектептік шаралар тоқсан, ай, апта, жеке күндер бойынша орналастырылады.
Сабақ жоспары ТКЖ негізінде жасалады, яғни мұнда ТКЖ-да көрсетілген тақырыптар сабақ барысына ыңғайландырылады. Басқаша айтқанда, сабақ жоспары күнделікті өтілетін сабақ көлеміне байланысты (45 минут).
Сабақ жоспары жасалатын мақсатты мерзіміне қарай 3-ке бөлінеді:
Қысқа мерзімді жоспар – ҚМЖ (күнделікті сабақ жоспары);
Орта мерзімді жоспар – ОМЖ (белгілі бір тарауға немесе көлемді тақырыпқа байланысты жасалуы мүмкін);
Ұзақ мерзімді жоспар – ҰМЖ (тоқсанға немесе оқу жылына жасалуы мүмкін).
Жай жоспар – мұны тәжірибелі мұғалімдер жасайды, дегенмен қажет болған жағдайда тәжірибелі мұғалімдер де күрделі жоспар жасайды.
Күрделі жоспар (көбінесе жас мамандарға міндеттеледі).
Сабақ жоспары көлеміне қарай 2-ге бөлінеді:
Күнделікті сабақ жоспары өтілетін сабақтың түріне қарай тағы да 2-ге бөлінеді:
Дәстүрлі сабақ жоспары
Дәстүрлі емес сабақ жоспары
Дәстүрлі сабақ – жиі қолданылатын сабақ түрі. Дәстүрлі сабақ – қалыптасқан оқу материалдарының дәлме- дәл кескіні. Дәстүрлі оқыту үрдісінде оқытушы оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда оқытушы мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді. Дәстүрлі педагогикалық әдістерге бақылау, әңгіме, тәжірибе, сауалнама, тест жүргізу т.б. жатады. Дәстүрлі сабақта оқытушы – білімді жеткізуші. Дәстүрлі сабақтың түрлері: жаңа оқу материалын оқу сабағы,дағдыны қалыптастыру, қайталау сабағы, бекіту,қорытынды сабақ, практикалық сабақ, білімді тексеру сабағы.
Дәстүрлі емес сабақтар – қалыптан тыс, күнделікті сабақтан өзгеше сабақтың жаңартылған түрлері. Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу нұсқасы мен мақсат міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы (дәріс, семинар, XXI ғасыр көшбасшысы, қосар сабақ, модульдік сабақ)
ойын сабақтары (саяхат, тренинг,жұлдызды сағат,ғажайыптар алаңы, ойлан,тап, аукцион, бақытты сәт) жарыс сабақтары (сайыс, не? қайда? қашан? КТК(көңілді тапқырлар клубы).
Назар аударғандарыңызға
рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |