Орындаған: Жанабилова Ботагоз Топ: ббб-31 Күні



Дата05.05.2020
өлшемі0,71 Mb.
#65828
Байланысты:
Сөз тіркесі Жанабилова Б.


Орындаған:Жанабилова Ботагоз

Топ: БББ-31

Күні:20.04.20

Тақырып: Сөз тіркестері

I.

Жауаптары: 1. Сөз тіркесі (словосочетание ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.

2.Сөз бен сөз тіркесінің айырмашылығы:

Сөз — заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы.

  • Бір ғана сөзден тұрады



  • Мағыналары лексикалық және грамматикалық жағынан қарастырылады



  • Толық мағынасы бар лексикалық сөздер және толық мағына бере алмайтын көмекші сөздер болады

Сөз тіркесі:

  • сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;

  • толық мағыналы кем дегенде екі сөзден тұрады;




  • сөз тіркесінің құрамындағы 

сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;

  • сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді

3.Сөз тіркесінің қандай түрлері бар?

Қазақ тіліндегі сөздердің байланысуының бес түрі бар:

 Қиысу – сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы немесе жіктелу ретімен бастауыштық және баяндауыштық қатынаста жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі.

Матасу – сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы.

 Меңгеру – сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан түрі.

 Қабысу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы іргелес байланысқан түрі.

4.Байланысу тәсілдеріне қалай қандай сөз тіркестерінің қандай түрлері бар?

Қазақ тілінде сөздер байланысу тәсілдеріне қарай 4-ке бөлінеді:



  • Сөздер септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары арқылы бір-бірімен байланысқа түседі. Осы жалғаулардың қатысуымен сөздің өзара байланысынан белгілі синтаксистік қатынас, грамматикалық мағына беріп отырады.

  • Сөздер ретіне қарай шылаулар арқылы байланысады.

  • Сөздер орын тәртібі арқылы да байланысады.

  • Интонация арқылы байланысады.

Мұнда екі сөздегі орын тәртібі тиянақты болуымен бірге, екеуінің арасында айтылуда дауыс ырғағы сақталып, екінші сөз сәл көтеріңкі естіледі, ал жазуда ол сөздер сызықшамен ажыратылады.

5.Сабақтаса және саласа байланыс деген не?

Сабақтаса байланысу  — компоненттері өзара тен болмай, бір-біріне бағына, бірін-бірі бағындыра байланысу.

Мысалы: Мен кеше кездесуге кешігіп келдім, себебі жолда көлік сынып қалды.

Салаласа байланысу — сөйлемнің біріңғай мүшелері мен салалас кұрмалас сөйлемдердің кұрамындағы жай сөйлемдерді бір-біріне тәуелді болмай, тең дәрежеде байланысуы.

Мысалы: Асан мен Үсен кеше ән айтты, би биледі.

II.

Бір сөйлем алып сөз тіркестерін талдаңыз




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет