Орындаған: Жексембаева Д. Н



Дата23.04.2024
өлшемі99,38 Kb.
#201258
Байланысты:
сро филология


ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY




СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы

Орындаған: Жексембаева Д.Н
Тобы: КФ-201

Семей 2024


Прагматизм термині – іс, іс-әрекет дегенді білдіреді. Кейіннен, ХIХ ғасырда, ол америкалық философ Чарльс Пирстің атымен тығыз байланысты болды. Прагматизмді таза АҚШ-тық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ерекше ықпалға ие. Прагматизмнің басты қағидалары: ақиқатты тиімділік тұрғысынан мойындау, нақты тәжірибе бәрінен де маңызды, адам мақсат үшін өмір сүреді, адам бірдеңеге қол жеткізу үшін салыстырмалы білім де жет­кі­лікті, ақиқаттың өлшемі прак­тика, іс-әрекетте жетістікке жету үшін күмәнді еңсеріп, сенімге ие болу, адам ақиқаттан бұрын сенімге ұмтылу керек деген қағи­даларды ұсынады.
АҚШ қоғамының табысты өмір салты негізінде өнімді, тиімді қозғалыс идеясы жатыр. Мұн­дай философияның өзгеріс­тер кезеңінде дүниеге келетінін өмірдің өзі дәлелдеді. Өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келу, өмір сүре білу үшін өзгере білу және соған сәйкес әрекет ету, оны ұлт­тың жиған тәжірибесімен ұш­­тас­тыру практикалық фило­со­фияның өзегі десек те бола­ды. Елбасының прагматизм фило­со­фиясына назар аударып отыр­ған­дығының басты себебі де осында болса керек. Мақалада, ұлттың рухани жаңғыруының күре тамыры прагматизм ұстаным­дарының ұлт санасына сіңуімен тікелей байланысты екенін, ол үшін қанымызға сіңген, мен­таль­дық болмысымыздың сипа­тына айналған кейбір дағды­лар­дан арылу қажеттігі туралы ой айтылады. Солардың бірі – аста-төк ысырапшылдық, даң­ғой­лық, астамшылдық. Әу баста, бұл қасиеттен нарық құтқара­ды, ұлтты үнемшіл болуға, байлық­тың құны мен қадір-қасиетін баға­­лауға үйретеді деген ой-пікір­­дің де болғаны белгілі. На­рық заманының ширек ғасы­рын артқа тастасақ та, әлі сол ысы­рап­шылдыққа жол берудеміз. Үнемдеуді үйрене алмай келеміз. Ысырапшылдық – жеке тұлға, ұжым, әлеуметтік топ, тіпті мем­­ле­кет деңгейінде көрініп отыр­ғаны мәлім.
Біздің әлі де болса, еңбекті, бай­­лықты бағалай алмай жүр­гені­міз байқалады. Келген бай­лық адал еңбектің нәтижесі болса, маң­дай теріңмен келсе, мүм­кін ой­ланған болар ма едік? Байлық шашуды емес, жинауды, еселеуді, үнемдеуді қалайды. Бай­лықтың иесі мен киесі болады. Біздегі байлықтардың иесі бол­ған­мен, киесі жоқ. Киесіз байлық кетуге, шашылуға дайын тұрады. Абай сөзімен айтқанда, «иттікпен тапқан малды, адам­шы­лықпен жұмсайтын» уақыт жеткен тәрізді. Бұл – бүгінгі байлықты ұқсату мен жаратудың формуласы. Оның менталдық негізіне жататын қасиеттер – надандық, мақтаншақтық, жалған бақталастық пен бәсекелестік, шек­тен шыққан тұтынушылық пси­хология. Бұл жағымсыз қасиет жеке бастың деңгейі­нен асып, қоғамдық нормаға айна­лып бара жатқаны да белгілі. Руха­ни жаң­ғырудың менталдық кедер­гілері де осында.
Елбасының прагматизмнің жарқын үлгілерін бабаларымыз­дың өмір салтынан іздеп, оны бүгінгі өскелең ұрпақтың мі­нез-құлықтық негізі, іргетасы ретін­де қалыптастыру, бүгінгі ұлт­тық идеологияның басты ба­­ғыт­тарының бірі екенін баса көр­сетуі өте орынды. Ұлт мента­ли­тетінде өзіндік орны бар құнды­лық­тардың бірі үнемшілдік, қана­ғат­шылдық. Соңғысы астам­шыл­дық пен ысырапшылыққа жол бер­меудің тегеріштері, тос­қауыл­дары. Кезінде Макс Вебер өзінің «Протестанттық этика және капитализм рухы» атты еңбегінде ысырапшылдық пен астамшылдыққа жол бермеуді протестанттық этикадан ізде­гені белгілі. Еңбекқорлық, тәр­тіп адалдық, үнемшілдік кәсіп­­керліктің рухани негізі ре­тінде қарастырылып, олар­ды протес­тантизм дінінің өрке­ниет­тік дамуға қосқан үлесі ретін­де қарас­тырды. Адамдар бо­йы­н­дағы еңбекқорлық пен үнем­шіл­­дікті тек протестанттық діни эти­ка қалыптастырды десек ар­тық айтқан болармыз. Осындай ас­там­­шыл пиғылы үшін кезінде Макс Вебердің жоғарыда аталған еңбегін Люк Болтански, Эв. Кьяпелло, Хенрик Гроссман сын­ға алған болатын. Олай бол­са, еңбекқорлық, үнемшілдік, тәртіп, адалдық, кімге де болса ортақ қасиет. Ұлт мәдениеті неғұр­лым осы жоғарыда аталған құн­ды­лық­тарды адамдар іс-әре­кетінің негізі ретінде қалып­тастыруға ұмтылса, ықпалы мен пәрмені күш­ті болса, саналы түрде бағыт­тал­са, аталған құндылықтар сол­­ғұр­лым адамдар санасы мен мі­нез-құлқында көрінері сөзсіз. Ел­ба­сы­ның ұлт менталитетінсіз, мә­де­ниетінсіз жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай деп отырғаны да осы.
Астамшылдық пен ысы­рап­шылдыққа жол бермеудің озық үлгілері ұлт мәдениетінде, қазақ­­­тың мақал-мәтелдерінде, дүние­таны­мы мен философиясында сай­рап жатыр. Мәселен, Абай өзі­нің қарасөздерінде, ішсем, жесем, ұйықтасам деп туа­тын бала емес, көрсем, біл­сем, үйренсем деп туатын бала­ны тәрбиелеп, оны білімге, ғылым­ға үйретіп, жеңдіріп, қанағат­шыл­дық пен үнемшілдікке үй­рету керектігін талай айтқан болатын. Сонымен қатар, ол мақ­тан­шақтықтың түрлерін көр­сетіп, «десін» дейтіндердің «демесін» дейтіндерден озып кету себебін іздеп, оның түбі надандық екенін, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озбақ. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой, демектің бәрі де ақымақтық, – деп, ой түйген болатын.
Бұған қояр тосқауыл қайда? Тосқауыл – білім мен тәрбиеде. Бірақ, бізде білім жалаң. Бұл оның қазіргі кездегі басты ерек­шелігі. Ол адам бойындағы ізгі­лік­ті еселеуге бағытталмаған. Ол үнемдеуді, рационалды өмір салтын құруды, соған сәй­кес мінез-құлық салтанатын ор­нық­­тыруды үйретпейді. Себебі, қоғам­да тұтыну психологиясын наси­хаттайтын ұстанымдар ба­сым. Ол табиғат, жер, адам және қаржы­лық, технологиялық, эко­ло­гия­лық ресурстарымызды пай­да­ланған кезде көрініп жатады.
Білімнің гуманитарлық, тәр­биелік бағыты кейінге ысы­рылғаны соншалықты, жоғары оқу орындарында гуманитарлық, дүниетанымдық пәндер мен кафедралар жабылып, білімге жалаң утилитарлық көзқарас қалыптасып отыр. Абай: «ғылым­сыз ахирет жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды », деген еді. Сол тәрізді, бүгінде гуманитарлық білімсіз, шынайы ғылымсыз прагматизмді тек жалаң пайда табудың көзі деп түсінсек тағы да қателескен болар едік. Білім беру жүйесінде прагматизм шынайы шығармашылықтың негізі және адам ойының қозғаушы күші бола алмайтыны тағы белгілі. Ал, бола қалған жағдайда мұндай білімнен өзіндік ойлау, дүниетанымдық құндылықтар шет қалады, білімге деген тұтынушылық көзқарас қалыптасады. Бұл үрдіс, әсіресе, ақпараттық қоғамда кең етек алып отыр. Соның нәтижесінде, жастардың дүниетанымы мен санасы басқа, жат идеологиялық ағымдардың ықпалына тез түсуде. Олай болса, білім беру жүйесінде қазақы прагматизм адамдардың тұлғалық қасиетін дамыту арқылы жүзеге асуы тиіс. Ұлттық мәдениетіміздің асыл құндылықтары негізінде тәрбиеленген, ұлттың рухани тамырынан нәр алған адам ғана, мына аумалы төкпелі заманда өмір сүру үшін өзгере алады және заман ағымындағы өзгерістерді дұрыс қабылдай біледі.
Сондықтан да, білім беру жүйе­сінде тұлғаны қалыптас­тыру декларация күйінде қалмай, нақты тұрғыдан іске асуы тиіс. Ондай адам мақсатшыл, нәтижеге қол жеткізу үшін еңбектенетін, өз тағдырының иесі. Ол өз өмірін жоспарлай алатын, стратегиялық тұрғыдан болашағын болжай алатын тұлға. Абай: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін отта­ған хайуанның бірі боласың; адам­шы­лықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы­ның бірі боласың» демеп пе еді? Қазақы прагматизмнің ерек­шелігі де осында. Елбасының праг­мати­калық философиясы осын­дай ойларға жетелейді. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет