Орындаған: Жылысбек ж тобы: Уиак 17-1 Қабылдаған: Абилгазиева ж мардан Сапарбаев Институты



Дата07.02.2022
өлшемі1,57 Mb.
#82337
түріПрезентация
Байланысты:
Презентация (16)
есептер

Презентация
Орындаған:Жылысбек Ж
Тобы:Уиак 17-1
Қабылдаған:Абилгазиева Ж
Мардан Сапарбаев Институты
Тақырыбы
Мемлекеттік кәсіпорындардың алуға есептелген дивидендтері мен таза табысының есебі.
Қаржылық құралға немесе оның қаржы міндеттемесі ретінде жіктелген құрауышқа қатысты пайыздар, дивидендтер, шығындар және пайдалар қаржылық нәтиже есебінде түсімдер немесе шығындар ретінде көрсетіледі.
Қаржы міндеттемелерін тануды тоқтату ол өтелген кезде, яғни шартта көрсетiлген мiндеттеме орындалғанда, жойылғанда немесе оның мерзiмi аяқталғанда жүргізіледі.
Алынған қарыздар мынадай жазбамен көрсетіледі: Шоттар жоспары ақша қаражатының тиісті қосалқы шотының дебеті және 3010 "Қысқа мерзімді алынған қарыздар", 4010 "Ұзақ мерзімді алынған қарыздар" шотының кредиті.
Алынған қарыздар бойынша сыйақыны есептеудi 7310 "Сыйақылар бойынша шығыстар" шотының дебетi және 3250 "Төленуге тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар" шотының кредитi бойынша көрсетедi. Сыйақы төлеу кезiнде мынадай жазба жүзеге асырылады: 3250 "Төленуге тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар" шотының дебетi және Шоттар жоспары ақша қаражатының шоты тиiстi қосалқы шотының кредитi.
Қарыздар бойынша шығындар олар шығарылған кезеңнің шығыстары құрамында танылады.
Үлестік құралдар бойынша дивидендтер және мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бір бөлігінің аударымдары төлемді алуға құқық белгіленгенде активтерді басқарудан түсетін кірістер есебіне жатады және бюджет кірістері болып табылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі дивидендтер мен инвестиция объектілерінің таза кірісі бір бөлігінің төлемдерін есептеуді мынадай жазбамен көрсетеді: 1250 "Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар" шотының дебеті және 6220 "Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер" шотының кредиті, бір мезгілде: 7120 "Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар" дебеті және 3133 "Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек"
Үлестiк қатысу әдiсi квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiне инвестицияларды есепке алу әдiсi, оған сәйкес инвестициялар алғашқыда өзіндік құны бойынша ескерiледi, содан кейiн инвестициялардың баланстық құны сатып алу күнiнен кейiн инвестициялар объектiсiнiң пайдасында немесе шығынында инвестордың үлесiн тануды көрсете отырып ұлғайтылады немесе азайтылады. Инвестициялар объектiсiнiң таза активтеріндегі/капиталындағы инвестор үлесi инвестордың ағымдағы жылғы қаржы нәтижесiнде танылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері инвестициялар объектісінің пайдасында (шығынында) қатысу үлесін мынадай жазбалармен көрсетеді:
пайда үлесі: 2120 "Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары" шотының дебеті және 6220 "Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер" шотының кредиті бойынша, шығындар үлесі: 7320 "Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар" шотының дебеті және 2120 "Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары" шотының кредиті бойынша.
Егер инвестиция объектісінің шығындарындағы инвестордың үлесі инвестициялардың баланстық құнына тең болса немесе асса, онда инвестор есептілікке өзінің болашақ шығындарының үлесін қосуды тоқтатады.
Егер нәтижесінде инвестициялар объектісі өз есептерінде пайда көрсетсе, инвестор өз пайдасын көрсетуді танылмаған шығындар үлесіне тең болғаннан кейін ғана қалпына келтіреді.
Мемлекеттік кәсіпорындардың алуға есептелген дивидендтері мен таза табысының бір бөлігінің аударымдарын көрсету мынадай жазбамен жүзеге асырылады: 1250 "Алынуға тиiстi қысқа мерзiмдi сыйақылар" шотының дебетi және 2120 "Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары" шотының кредитi. Сонымен бір қатарда мынадай жазба да жүргізіледі: 7120 "Бюджетке төленетiн төлем бойынша шығыстар" дебетi және 3133 "Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредитi.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет