Зарядталған ауыр бөлшектердің заттарда жұтылуы. - Зарядтары аз болған (Z = 1, 2) ауыр бөлшектер заттармен өзара әсерлескенде олардың энергия шығыны, негізінен, заттың атомдарымен серпімсіз кулондық соқтығысуы нәтижесінде туындайды. Серпімсіз соқтығысу нәтижесінде заттың атомы иондалады немесе қозған күйге өтеді. Бұл процесс үздіксіз болатындықтан зарядталған бөлшектің энергиясы да үздіксіз кемиді.
1 - суретке әртүрлі бөлшектер үшін ауаның тежеу қабілетінің энергияға тәуелділігі келтірілген. Суреттен, зарядтары бірдей болған бөлшектердің (протон, дейтон, мейзон) энергиялары жүздеген МэВ - тен жоғары болған кезде олардың тежеу қабілеттері бірдей болып тұрақты болатындығын көреміз.
1 – сурет. Иондаушы бөлшектердің ауада тежелу қабілетінің энергияға тәуелділігі.
1 – α -бөлшек; 2 – дейтондар; 3 – протондар; 4 – μ -мезондар; 5 – электрондар.
Достарыңызбен бөлісу: |