Иондаушы бөлшектердің заттармен өзара әсерлесуі. Иондаушы бөлшектердің түрлері. Иондаушы сәулелер деп- электрон, протон, нейтрон, α - бөлшек, мезон, фотон және т.б. қарапайым бөлшектер ағынын айтамыз. Бөлшекетердің заттың атомындағы электрон немесе ядромен өзара әсерлесуі кулондық, электромагниттік, ядролық күштер арқылы жүзеге асады.
Бұл әсерлесулер нәтижесінде болатын серпімді және серпімсіз соқтығысулар нәтижесінде өте көп процестер туындайды. Осы тұрғыда иондаушы бөлшектердің заттармен өзара әсерлесуін төрт топқа - зарядталған ауыр бөлшектерден - зарядталған жеңіл бөлшектермен, фотондармен және нейтрондармен - деп бөлеміз.