Иондаушы сәулелер көздері – иондаушы сәулелер шығаратын немесе сондай қабілеті бар заттар, немесе қондырғылар. Олар – радиоактивтік көздер деп аталады. Радиоактивтік көздер жабық, не ашық болып екіге
Иондаушы сәулелер көздері – иондаушы сәулелер шығаратын немесе сондай қабілеті бар заттар, немесе қондырғылар. Олар – радиоактивтік көздер деп аталады. Радиоактивтік көздер жабық, не ашық болып екіге бөлінеді.
Иондаушы сәулелердің жабық көздері деп – қолданылу кезінде, не қолданылып болғаннан кейін, қалыпты жағдайда, қоршаған ортаға радиоактивті заттардың түсу қаупі жоқ қондырғыларды, не сәуле көздерін айтады. Жабық сәуле көздері өндірісте шығарылады, олардағы радиоактивті заттар ашылмайтын, сырттан ешқандай алмасу болмайтын, ампулаға немесе қоршаған ортаға радиоактивті зат өткізбейтіндей етіп қорғасыннан жасалған арнаулы жабық жәшіктерге орнатылған.