Еуразия Ұлттық Университеті
Орындаған:Капезов Даниял РЭТ-21
НҰР-СҰЛТАН қаласы
2020 жыл
Шорт- трек қысқа жылдамдыққа хоккей алаңында конькимен жүгіру болып табылады. Конькимен жүгіру ежелгі спорттың бір түрі болып табылады. Археологтар Солтүстік қара теңіз бойында табылғандар бойынша ең ежелгі конькилер 3200 –ші жыл бұрын қолданылған және 1763 жылы Ұлыбританияда ең алғаш рет ресми түрде жарыс өткізілген деп пайымдайды.
Бұл спорттың түрі 19 ғасырдың басында дами бастаған, осы кезде спортшының уақытын есептеп жазу басталған
1892 жылы конькимен жүгірудің халықаралық одағы құрылған, оған 30 ұлттың өкілдері кірген. Одан кейін 20- ғасырдың басында Канадада жалғасын тапқан екен, алғашқы жарыс Солтүстік Америкада 1906 жылы өткізілген.
Шорт-трек спортына Ұлы Отан соғысы кезінде де үлкен мән берілген. Сол кездегі спортшылар Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлікпен қаза тапқан. Оның ішінде Ресейлік А. Капчинский ержүрек партизан болған, 1- дәрежелі орденмен марапатталған. Ал қысқы Олимпиадалық ойындар бағдарламасына шорт-трек 1992 жылы енгізілген
Шорт-трек конькимен жылдамдыққа жүгірудің бір түрі. Конькишілер қысқа қашықтықта әрі жылдамдыққа жарысады. «Short Track» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Қысқа қашықтық» дегенді білдіреді. Шорт-трек жарысында 500, 1000,1500 және 3000 метрлік қашықтарда күш сынасадыШорт- трек талаптары: спортшының киімі дулығадан, қолғаптан, тізеге және балтырға киілетін сауыттан тұрады
Конькимен жүгіру кезінде өзінің қарсыластарын ешқандай ережені бұзбай басып озып, финалға жеткен, ең жақсы спорттық техниканы көрсеткен жүгіруші жеңімпаз атанады.
Спортшыларға қатаң тыйым салынады:
- жарыс кезінде бір- бірін итеруге;
- аяқтан шалуға;
- аяқпен тебуге;
- бір- біріне жабысуға;
- мұзды конькимен жаруға;
- мұзға қандай-да бір заттарды лақтыруға
Қазақстанда шорт-тректің дамуы 1931 жылы басталған. Ол Петропавловскіде «Динамо» стадионында өткізілген. Одан кейін Алматы Медеуінде жаңа серпін алған. Астанада шорт-трек бөлімі 2005 жылы ашылған.
XXII Қысқы Сочи Олимпиадасында шорт-тректен біздің жігіттеріміз өнер көрсеткен. Қазақстанның шорт-тректен Құрама Командасының бас жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков ағамыз болды.
Осы уақыт аралығында біздің қазақ жігіттері Әлем Кубогында, Әлем чемпионатында жақсы нәтижелер көрсетті. Үздіктер қатарында Аслан Даумов, Абзал Ажғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Азамат Сұлтаналиев, Айдар Бекжанов, Артур Сұлтанғалиев, Денис Никиша, Инна Симонова, Ксения Мотова, Дарья Волокитина, Азамат Нұрмағанбетов, Данабек Қайыров, Ринат Мәженов, Ерхат Кубашев сынды дарынды қазақ шорт-трекшілерімізді атап өткеніміз жөн.
Біздің шорт-трекшілеріміз 2005-2006 жылдардан бастап Әлем Кубоктарына, Әлем чемпионаттарына қатысты. Жоғарыда айтып өткендей Құрама команданың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Қазақ шорт-трегінің дамуына, үлкен жетістіктерге жетуіне аянбай тер төккен.
2017 жылы 07 ақпанда Алматыда өткен Қысқы Универсиадада 5000 мың метрлік қашықтықта қазақстандық құрама командасы «Қола» медальді иеленген. Бұл жарыста Қытай елі бірінші орынды иеленсе, ресейліктер күміс медальға ие болған.
2.1 Шорт- трек спортының адам денсаулығына әсері
Шорт-трек спорты бойынша оқулықтардан алынған мәліметтерде төмендегідей ақпараттар берілген:
Конькимен жүгіру бұлшықетті қатайтады, себебі конькимен жүгіру кезінде адамның аяғы, арқасына күш түседі, сондықтан олар нығайып, қатаяды;
Жалпы зат алмасуды арттырады, үнемі қозғалыс кезінде қан айналым дұрысталады, жүректің қызметі жақсарады;
Тыныс алуды реттейді, қашықтыққа жүгірген кезде тыныс алудың дұрыс болуын адам қадағалап отырады;
Ағзаның тепе- теңдігін сақтауға көмектеседі, себебі конькимен сырғанап жүгірген кезде, әртүрлі бұрылыстарда шамамен 15 0 –қа дейін адам денесі жерге еңкейіп, қайта түрегелуі қажет;
Шорт-трек спортында адам топпен қарым- қатынас жасай білуге үйренеді;
Сонымен қатар, мұздың үстінде бірнеше сағат жүру, жаттығулар жасау адам ағзасын суыққа шынықтыра түседі
Достарыңызбен бөлісу: |