Орындаған: Кенжеғара Аружан Қазақ халқының ұлы тұлғалары. Жамбыл Жабаев



бет19/31
Дата03.06.2020
өлшемі0,7 Mb.
#72157
түріӨмірбаяны
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
Кенжеғара Аружан

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ

(1893-1938)

Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы (1893-1938 ) – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгіріммен аяқтайды.

Ол оқу іздеп енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі. Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет