Аккредиивті салыстырмалы түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: Ақшалай аккредитив – белгілі бір уақыт ішінде басқа банктен, қаладан немесе мемлекеттен алу үшін белгілі бір сомманы енгізген адамға сол банкпен берілетін атаулы құжат. Тауар аккредитиві –тауардың жіберілгенін дәлелдейтін тиісті құжаттарды ұсынған кезде банктің тауарларды не қызметтерді сатушыға белгілі бір ақшалай сомманы төлеу міндеттемесі.
Құжаттамалық аккредитив
1.Сатушы мен сатып алушы коммерциялық шарт жасасады. 2. Сатып алушы (бұйрық беруші) өз банкіне аккредитив ашу туралы өтінішпен жүгінеді. 3. Банк-эмитент аккредитив ашып, Сатушының банкіне (авизалаушы) хабарлама жібереді. 4. Авизалаушы банк Сатушыны хабардар етеді. 5. Сатушы тауарды жөнелтеді. 6. Сатушы (бенефициар) өз банкіне көлік құжаттарын береді. 7. Сатушы банкі көлік құжаттарын Сатып алушының банкіне жібереді. 8. Сатып алушының банкі құжаттарды тексереді, дұрыс болған жағдайда, төлемді жүзеге асырады. 9. Сатып алушының банкі Сатып алушының шотынан төлем сомасын шегереді. 10. Сатушының банкі Сатушының шотына экспорттық табысты түсіреді.