Людвиг Фейербах – класикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Германиядағы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзқарастың түндігін батыл сыпырып тастап, өзінін ашықтан – ашық материалистпін деп жариялады. Оның басты еңбектері: “Христиандықтың мәні”, “Болашақ философиясының негізгі қағидалары”, т.б. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғаттың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәлелдеді. Ол рух пен дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах болмысты – бастаушы, сананы баяндауыш деп қарады. Табиғат денелерден, материядан, сезімдіктен тұрады, деп жазды Фейербах. Табиғат мәнгі және шексіз. Сана – срның тек көшірмесі, ал психолог – идеалист сол көшірмені түпнұсқа ретінде түсіндіреді, — деп түсіндірді Фейербах. Бірақ ол антропологиялық материализмдіқуаттады. Өйткені, ол барлық материализмді тұрпайы материализм деп түсінді. Сондықтан өзін одан аулақ ұстамақ болды. “Шындық – идеализмде емес, материализмде емес, шындық тек антропология”, — деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық материализімінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады. Таным сезімнен басталады, — деп уағыздады Л. Фейербах. Шындықтың дәйегі – оның іштен туған санаға сай келуі деп түсінді. Бұл оның идеализмге жасаған кешірімі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеализмін орынды сынай отырып, оның диалектикасының мәнін түсінбей, оны теріске шығарды.