1.2. Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің оқытып, үйрету құралдары мен әдістері
Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы. Дене тәрбиесінің кешенді құралдарына дене жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштері мен гигиеналық қозғаушы күштері жатады. Адамның дене тәрбиесінің негізгі ерекшелігі бар (спецификалық) құралы дене тәрбиесінің заңдылықтарына сәйкес пайланылатын қозғалыс әрекеттері, яғни дене жаттығулары болып табылады. Дене жаттығулары гимнастика, ойын, спорт және саяхат түрінде тарихи жинақталып, әдістемелік түрде қалыптасты.