Олардың ішкі және сыртқы құрылымынан, ұйымдастырылуынан мағлұмат береді. Дене жаттығуларының ішкі құрылымы қозғалыстың орындалу кезіндегі негізгі қызметтерін қамтамасыз ететін өзара байланыстағы, өзара үйлестіктегі жүйеліктермен сипатталады. Биологиялық, психологиялық, механикалық және т.б. қызмет салаларының өзара байланыстары мен үйлестігі. Мысалы, жүгіру, штанга көтергенге қарағанда басқаша, сондықтан бұл жаттығулардың ішкі құрылымы да әр түрлі болады. Жаттығулардың сыртқы түрі жағынан қозғалыс барысында кеңістік, уақытша және күштік қатынастарымен сипатталып көрінетін жағымен ұсынылады. Дене жаттығуларының мазмұны мен түрі өзара байланыста және бірлікте болады, бірақ бұл бірлік өзіне қарама-қайшылықты туғызады. Мазмұн-жаттығудың барынша қозғалыстағы, үзіліссіз өзгеріп отыратын жағы, мазмұнның өзгеруі түрдің өзгеруіне жол ашады. Мысалы, әр түрлі қашықтықта шапшаңдық сапасының әр түрлі көрсетілуімен (мазмұн белшегін), әрине, жүгіру әдісінің бөліктері де әр түрлі болады: қадамның ұзындығы, кеуденің тұрқы және т.б. (түр бөліктері). Дегенмен, түр де мазмұнға белсенді әсер етеді. Мысалы, осы орындалған қозғалыс-қимылында белгілі бір немесе басқа дене сапаларының нақтылы көрінуі дағдыға әсер етеді (түр бөліктері), сондықтан гимнасттың күші суға жүзушінің күшінен, штангашының шыдамдылығы жеңіл атлеттің шыдамдылығынан айырмаланады және т.б.