Орындаған: Мауленкулов Н, Есентай е тобы: жбл-012


Тәрбиенің мақсаты-нақты тарихи құбылыс



бет2/7
Дата10.11.2023
өлшемі94,48 Kb.
#190630
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тәрбие жайлы

Тәрбиенің мақсаты-нақты тарихи құбылыс

  •  Педагогтің кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Педагогтің балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй белсенділік деп түсіну керек. Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі. Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағат-танушылық тудырады.  Тәрбие мақсаты - педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау - педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы. 

Мақсат – ғылыми категория және тұлғаның идеалдық моделі. Тәрбиенің мақсаты тұтас педагогикалық үдерістің жүйе түзуші факторы.Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы.

  • Мақсат – ғылыми категория және тұлғаның идеалдық моделі. Тәрбиенің мақсаты тұтас педагогикалық үдерістің жүйе түзуші факторы.Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы.
  • Тәрбиенің мақсаты нақты табиғи құбылыс. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелер. Тәрбиенің мақсаты-жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға ұғымын қалыптастыру
  • Әлемдік және ұлттық мәдениет – тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жас ұрпақты өз бетімен өмір сүруге тәрбиелеу мен дайындау мақсатына, міндеттеріне әсері.
  •  

Мақсат

  • Мақсат - субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы. Демек, мақсат - жағдайлар себепті пайда болуынан, нақты болмыстан алынатындықтан - ол объективті құбылыс. Мысалы, өмірінде домбыра ұстап, үніне зер салмаған педагог балаға музыкалық тәрбие беруі мүмкін емес т.б. Мақсат объективті себептерден бастау алумен бірге субъективтік те категория, себебі ол сана туындысы, ол адам ойында пайда болып, әр нақты тұлғаның сана-сезімдік ерекшеліктерінің көрінісін береді. Ертедегі латындар айтқандай: ''Екі адам зат жөнінде бір әңгіме айтуы мүмкін, бірақ бірінің әңгімесі екіншісіне ұқсамас''. Бір мақсатты жалау еткен педагогтар, сол мақсаттың өзін әртүрлі баламада түсінеді, себебі олардың әрқайсысы кәсіби әрекеттің нәтижесінде өз сана деңгейінен баға береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет