Тақырып: Дидактика –педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Жоспар:
1. Дидактика туралы ұғым.
2. Дидактика және жеке әдістемелер
3. Оқыту процесінің қозғаушы күштері.
1. Дидактика туралы ұғым.
“Дидактика”-бұл ежелгі грек сөзі, didasko- оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Әл-Фараби оқыту дегеніміз –үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді.
Оқыту процесі-мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.
Оқытудың басты міндеттері:
Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру
Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларын меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.