КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетіміздің дене шынықтыру мен спорт саласындағы саясаты айқын берілген, оның мәні: дене шынықтыру мен спорт құралдарын, соның ішінде республика алдында тұрған рухани бай, моральдық таза, денелік жетілген саяси, экономикалық, идеялық мәселелерді шеше алатын ұрпақты қалыптастыратын Қазақтың ұлттық түрлерін тиімді қолдануда.
Қазақстанда дене тәрбиесінің қалыптасуының және дамуының әлеуметтік-педагогикалық шарттарының сараптамасы жинақталған педагогикалық тәжірибені қазіргі кезеңде қолдану жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Инновациялық үрдісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу прцесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы М.В.Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Поташник, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.
Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі ел басы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында, Үкіметтің, Білім және Ғылым министрлігінің құжаттарында көрсетілген идеялар кешенін енгізуді талап етеді. Мұның мәні 1999 жылы маусымда қабылданған ҚР «Білім туралы» Заңында, 30 қыркүйек 2000 жылғы «Білім» мемлекететтік бағдараламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерлеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдылану, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді.
Жалпы білім берудің Қазақстандық моделі негізі болуы үшін оқушылар санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын азаматтық және отан сүйгіштік идеяларын басқа халықтарға деген ізгі көзқарастарын сіңіру қажет.Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |