Өзін 1989 жылдан бері науқаспын деп санайды. Осы жылдар аралығында бас ауруының, жиі қан қысымының көтерілуін, эмоциялық және физикалық жүктемеден кейінгі жүрек аймағындағы ауру сезімдері пайда болатындығын аитты. 100-200 метр жүргеннен кейін немесе екінші не үшінші қабатқа көтерілгенде ентікпе пайда болады, сонымен қатар жүрек тұсында, төс сүйегінің артынан 10 минутқа жуық созылатын ашып, күйдіріп ұстамалы ауру сезімі 2 аптадай болды. Ауру сезімі сол иыққа, сол қолға, мойынның және басттың сол жағына, төменгі жаққа, жауырын аралығына беріледі.
Anamnesis vitae
Науқас 1957 жылы Алматы қаласында туылған. Тұрмыста, екі баласы бар. Бала кезінде физикалық және ақыл – ой қабілетінің дамуы қалыпты.