Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) – европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы
Спиноза пантеистік-материалистік көзқарасты ұстанды. Табиғат пен құдай біртұтас субстанция деген қағиданы негіз етті. Таным теориясында рационалистік бағыт ұстанып, интеллектуалдық ақыл-ойға, парасатқа негізделген білімді сезімдік таным мен тәжірибеден жоғары қойды. Оның ілімін рационалды интуитивті гносеология, пантеистік метафизика, табиғат жайлы натуралистік көзқарас құрады. Діни-телеологиялық қағиданы жоққа шығарды, механикалық детерменизмді жақтады. “Көне өсиетті” тарихи-рационалистік тұрғыда сынап, діни нанымды надандыққа балады. Өзінің пантеистік метафизикасы мен соған негізделген этикасын нағыз дін деп жариялады.