Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «Қаржы және Есеп»
Кафедрасы «Экономика және Бизнес жоғары мектебі»
СӨЖ
Тақырыбы:Франчайзинг,Кәсіпкерлік персонал,Іскерлік этика мен корпоративтік мәдениет
Орындаған:Сатибалдиев.Н.З
Тексерген:Табеев.Т.П
2020 ж
Жоспар:
1. Франчайзинг
2. Франчайзингтің түрлері
3. Франшиза
4. Кәсіпкерлік персонал (тарифтік жүйе,еңбекақы түрлері т.б)
5. Іскерлік этика мен корпоративтік мәдениет
6. Қорытынды
7. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе (жалпы шолу)
1.Франчайзинг француздың «Franchise» деген сөзінен шыққан, жэне «жеңілдік, артықшылық, қатысу құқығы» деген мағынаны білдіреді. Қазақстан Республикасының кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы заңына сәйкес, Франчайзинг - лицензиялық кешеннің құқық иеленушісі және осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызмет. Ал лицензиялық кешен деп бірқатар санаткерлік меншік объектілері- не (тауар таңбасына, фирмалық атауға, қызмет көрсету таңбасына, патентке, ноу-хауға, өндіріс құпияларына) құқықтарды айтамыз.
Жалпы мағынасында, франчайзингті - тауарлар мен қызметтерді өткізу, материалдық жэне қаржылық ресурстарды кооперациялау негізінде нарықты жаулап алу жэне дамыту тәсілі ретінде, сондай-ақ шағын жэне орта бизнес интеграциясы ретінде қарастыруға болады. Яғни, танымал ірі компаниялардың шағын фирмалар мен кәсіпкерлерге өзінің тауарлық белгісін пайдалану құқығын сату арқылы шагын кәсіпорындар торабын кеңейту мен қызмет тиімділігіне эсер ету мүмкіндігін айтамыз.
Өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында белгілі бір төлем негізінде өз атынан іс жүргізу құқығын беретін «ноу-хауды» иеленетін танымал тауарлық белгісі бар ірі компания франчайзер (лицензиар) деп аталады. Ал, өндірістік жэне қызмет көрсетуші операциялар технологиясын, сапа стандарттарын сақтау міндеттемесін ала отырып, бұл құқықты алатын шагын фирма немесе кәсіпкерді франчайзи (лицензиат) деп айтамыз.
Еліміздің қазіргі кезеңдегі экономикалық жэне саяси өмірінде персоналды басқару немесе адам ресурстарын басқару маңызды рөл атқарады. Кез келген мемлекеттің ең басты құндылығы адам ресурстары болып табылады. Бәсекелік күрес жағдайында кэсіпкерлік кызметті ұтымды ұйымдастыру мен тиімділігін арттыруға персоналдар тікелей эсер етеді. Персонал ұйымдағы барлық адамдар ресурстарының жиынтығы. Оны кәсіпорынның даму болашағын анықтайтын стратегиялық фактор ретінде қарастыруға болады. Өйткені, тек адамдар ғана жұмысты орындайды, идеяларды ұсынады жэне кәсіпорынның әрі карай дамуына мүмкіншілік береді. Сондықтан кэсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, басқару жэне дамытуда персоналды баскару жүйесін қалыптастырудың маңыздылығы жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |