1) өнеркәсіптік-өндірістік персонал;
2) өнеркәсіптік-өндірістік емес персонал.
Барлық өнеркәсіптік-өндірістік персонал (орындайтын функциясының) атқаратын қызметінің сипатына қарай келесідей категорияларға бөлінеді:
а) әкімшілік-басқарушылық персонал; оған кэсіпорын басшысы, оның орынбасарлары, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басқарушылары, ірі бөлімдердің, басқармалардың бастықтары жатады.
ә) инженерлік-техникалық жұмыскерлер; мұндай жұмыскерлерге кэсіпорын бөлімшелерінің қызметіне техникалық, өндірістік, экономикалық басшылық жасайтын жұмысшылар жатады.
б) қызметкерлер категориясына есеп-қисап, әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын жұмыскерлер жатқызылады (бухгалтерлер, экономистер, т.б.).
в) жұмысшыларға өнім өндірумен жэне өндірістік үрдіске қызмет көрсетумен айналысатын персоналдар жатады.
г) кіші қызмет көрсетуші персоналға өндірістік және қызметтік үй-жайларға қарау функдиясын орындайтын, әкімшілік- басқарушылық персоналға,қызметкерлерге, инженерлік-техникалық жұмыскерлерге, жұмысшыларға қызмет көрсетумен айналысатындар жатады.
Өнеркәсіптік-өндірістік емес персоналдар деп кәсіпорынға тиесілі өнеркәсіптік емес инфракұрылым бөлімшелеріне (тұрғын үй, бала бақша, қосалқы шаруашылық, т.б.) қызмет көрсетумен айналысатын персоналдарды айтамыз.
Кәсіпорынның әр түрлі категориядағы жүмыскерлерінің олардың жалпы санына қатынасы немесе үлесі оның персоналдарының құрылымын көрсетеді.
Кәсіпорындағы еңбек нэтижелілігіне еңбекті ұтымды ұйымдастыру тікелей эсер етеді. Кэсіпорында еңбекті ұйымдастыру қолайлы еңбек жағдайын жасауға жэне кәсіпорын табысын арттыруға бағытталған. Еңбекті ұйымдастырудың негізгі бағыттары ретінде келесілерді атауға болады:
• еңбекті бөлу мен үйлестірудің ұтымды нысандарын әзірлеу және енгізу; мамандарды іріктеуді, даярлауды, қайта даярлауды, білік- тілігін арттыруды ұйымдастыру; жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру жэне оған қызмет көрсету;
• еңбекті нормалау;
• еңбекақы төлеуді ұйымдастыру;
• еңбек жағдайын жақсарту.
Достарыңызбен бөлісу: |