Құрғақ жеміс - Құрғақ жемістің көп тұқымды қақырап ашылатын (бұршақ, бұршаққын, т.б.) және бір тұқымды, қақырап ашылмайтын (жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек) түрі бар. Шырынды жемісті көп тұқымды (жидек, асқабақ, алма, т.б.) және бір тұқымды (сүйекті жеміс) деп бөледі.
Шырынды жеміс - Шырынды жемісті көп тұқымды (жидек, асқабақ, алма, т.б.) және бір тұқымды (сүйекті жеміс) деп бөледі. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзокарпий) жылтыр (шие, алма), балауызды (жүзім, алхоры, шомыр), түкті (шабдалы), жұмсақ (өрік), қыртысты (тұшала), қалың (лимон, апельсин), қатты (жаңғақ) болады. Шырынды жемістерде экзокарпий қабатынан кейін қант, май жиналатын жұмсақ мезокарпий (өрік, шие, т.б.) қабаты түзіледі. жемістің ең ішкі қабаты (эндокарпий) кейбір өсімдіктерде қатайып, сүйектеніп кетеді (алхоры, т.б.), кейбіреуінде жұмсақ шырынды (лимон, апельсин) немесе үлпекке (бұршақ тұқымдасы) айналады
Достарыңызбен бөлісу: |