- Пішіні дөңгелек немесе сопақша келген, лимфа тамырларының бойында орналасқан, лимфоциттердің түзілу процесі (лимфоцитопоэз) жүретін шеткі қантұзу мүшесі. Лимфа түйіндері сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Ол коллаген талшықтарынан, аздаған эластин талшықтарынан және миоциттерден құралған. Лимфа түйіндері организмдегі қорғаныс және қантұзу қызметтерін атқарады.
- Лимфа түйіндерін зерттеудің кең тараған түрі –УДЗ зерттеуі.
Лимфа түйіндерінің УДЗ - УДЗ зерттеу 10-40 минут өтеді.
- Мойындық лимфа түйіндерін зерттеу– фарингит, тонзиллит, ларингит, ангинаны анықтай аламыз;
- Шап аймағының түйіндерін УДЗ зерттеуі – шап аймағында қатаю, іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, аяқ ісінулерінде өткізіледі.
- Қолтық асты түйіндері – қолтық астында ауырсынуларда, қатаюлар пайда болғанда, бас ауыру кезінде өткізеді.
- Перифериялық лифатүйіндері–перифериялық лимфатүйіндерінің ұлғаюы кезінде қабынуларда, онкологиялық аурулард тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |