Орындаған: Серікқали А. Е тобы: Акушер ісі – 23 Тексерген



Дата07.02.2022
өлшемі15,51 Kb.
#87078
Байланысты:
Серікқали Айсем АД23


18.10.2020


Тақырыбы: Десмургия.Таңғыш түрлері
Орындаған: Серікқали А.Е
Тобы: Акушер ісі – 23
Тексерген: Абужалитов А.З

Тапсырма:Тақия(чепец ) таңғышын салу техникасы.

Басқа: "чепец" таңғышы ыңғайлы және берік болып саналады, ол бинт жолағы аркылы төменгі жақ астына бекітіледі. Бинтті әрбір ораған сайын тік ленталардан асыра тастау арқылы оны біртіндеп барған сайын тік ете отырып, басты толық жапканша орайды. Осыдан кейін бинтті тік лентаға бекітеді. Лента ұштарын иек астына бант түрінде байлайды, бүл бүкіл таңғыштьщ беріктігін қамтамасыз етеді.

«Чепец таңғышын салу техникасы» стандарты
Мақсаты: бастағы таңу материалын бекіту үшін.
Көрсетім: бастың желке тұсы мен маңдайдың жарақаттануы кезінде.
Қажетті құрал-жабдықтар:ені 10 см бинт, қайшылар.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
2. Ұзындығы 80см - 1м бинттің кесіндісін дайындаңыз.
3. Бинт кесіндісінің ортасын бас төбесіне орналастырыңыз; бинттің ұштарын науқас немесе көмекші ұстайды.
4. Бинттің ұштарын төбе арқылы құлақ қалқандарының алдынан жіберіңіз.
5. Ені 10см болатын бинтті алып, бастың (1 айналым) – маңдайдың және желкенің айналасынан бекіткіш циркулярлы айналым жасаңыз.

6. Бинтті екі айналыммен байламға дейін жеткізіп, желкені және бас төбесін жаба отырып, оның айналасына қиғаш жүргізіп орау.


7. Байлам арқылы қарама-қарсы жаққа лақтырыңыз да маңдайды және бас төбесін (3айналым) жаба отырып қиғаш жүргіз.
8. Бас сүйегінің күмбезі жабылғанға дейін 2 және 3 айналымдарды қайталаңыз.
9. Циркулярлы айналыммен 1-2 рет бекітіңіз.
10. Таңғышты иектің астындағы тік ұштармен байланыстыра отырып ораңыз да бинттің ұштарын бір жиекке бекітіңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет