5.А.С. Шилибекова «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Педагогиқалық өлшеулер орталығы» «Өзара бағалау бойынша нұсқаулық Путеводитель по взаимооцениванию»
Егер тыңдаушылар әріптестерімен сұрақтарды талқылауда, өзін-өзі бағалау немесе бір-бірін бағалауда аса белсенді болмаса, олармен жұмыс жасауды тоқтатуға болмайды. Мұғалімнің өзінің күнделікті тәжірибесі мен өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау үдерісіне қатысуы өзінің практикасында аталған аталған тәжірибені тиімді қолдануға көмек береді.
Өзара бағалаудың ең қарапайым түрі мұғалімдерге бес минут уақыт ішінде тапсырманы өздігінен орындауға уақыт беру, кейіннен өз жұмыстарымен алмасу және бір-бірін бағалау үшін жұптарға бөлу. Кері байланыс әдетте жазбаша түрден гөрі, ауызша жүргізіледі. Ол мадақтау түрінде берілуі тиіс. Рефлексивті есептерді өзара бағалау кезінде өте тиімді.
(2-3-4 бет)
А.С.Шилибекова нұсқаулығында өзара бағалаудың ластер әдісі арқылы анықтама беріп, жан-жақсы мәліметтер берген. Оның бұл еңбегінде, өзара бағалау дегеніміз не екенін түсіндім. Менің түсінігім бойынша оқушы басқа оқушының жұмысын тексереді. Оның жақсы немесе жаман жақтарын көріп, өзінің жұмысын да талдау жүргізе алады. Өзара бағалауға мысал ретінде «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін қолдануға болады. Оқушылар сабақ барысында ұнаған екі нәрсе және жақсартуды қажет ететін нәрсені айтып, бағалауды іске асырады. Және де қазіргі таңда өзара бағалауға арналған көптеген әдістер бар.
6.Бартлетт Стив, Бертон Диана «Білім берудегі зерттеулер. Кіріспе.» 8-тарау. Жеке жетістіктер: негізгі психологиялық теориялар
Ағылшын бастауыш мектептеріндегі құрдастардың бірін-бірі қолдап, бір-біріне жағымды пікір айтуда қолданатын Шеңбер құру әдісінің негізгі міндеті де осында (Bliss et al., 1995). Зерттеулер бұл әдістің оқушылардың өзін-өзі бағалауының артуына көмектесетінін көрсетіп отыр (Miller and Moran, 2007). Оқушылардың өзін-өзі бағалауының артуына мұғалімдердің қолдауы, қызығушылығы, мадақтауы және олардан күтілетін жоғары нәтижелер де оң әсер ететінін біз білеміз.
Пинкстен және т.б. еңбегінде (2015) оқушының жеке академиялық өзін-өзі бағалауы (ASC) (яғни оқушы академиялық контексте өзін қалай қабылдайды) қалайша қалыптасатыны туралы жан-жақты зерттелген. Олардың ойынша, оқушылар өздерін басқалармен және өздерінің түрлі академиялық жағдайдағы нәтижелерін басқа нәтижелермен салыстыру арқылы академиялық өзін-өзі бағалауды қалыптастыра алады. «Жалпы академиялық өзін-өзі бағалау оқушының барлық пәндерге қатысты академиялық қабілетіне баға берсе («Мен мектептегі пәндердің көбін жақсы білемін»), пәндік академиялық өзін-өзі бағалау оқушының, мысалы, математика сияқты нақты бір академиялық пәнге қатысты қабілетін («Мен математикаға жақсымын») бағалайды (Pinxten et al., 2015: 124). Академиялық өзін-өзі бағалау мен жетістік бірін-бірі өзара бекітіп отырады, сондықтан қабілеттері ұқсас оқушылардың арасынан тек академиялық өзін-өзі бағалауы жоғарысы ғана сытылып алға шығады. Осылайша, оқушылардың оқуда нақты бір жетістікке жетуіне мүмкіндік бере отырып, жоғары академиялық өзін-өзі бағалауын да дамыта түскен дұрыс.
(263-264 бет)
Бартлет Стив пен Бертон Диананың «Білім берудегі зерттеулер. Кіріспе» атты оқулығында өзін-өзі бағалау туралы айтылған және оның артуына ықпал ететін әсерлер ду айтып өтеді. Менің ойымша, оқушылардың өзін-өзі бағалауы және өзара бағалауында мұғалімнің қолдауы үлкен орын алады. Егер мұғалім оқушыларға еркіндік беріп, әрбір пікіріне қолдау көрсетсе оқушылар әділ, шынайы бағалайды, оқушылардың ашылуына, пікірлерін ұялмай айтуына үлкен ықпал етеді. Оқушылардың қздерін бағалауының арқаснда болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашылады деп ойлаймын.