Орындаған: Сержан Аяжан Қазақ тілі және әдебиеті 302-топ Тақырыбы: Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау



бет1/8
Дата12.12.2023
өлшемі231,57 Kb.
#196612
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Өзін өзі бағалай өзара бағалау


Орындаған: Сержан Аяжан
Қазақ тілі және әдебиеті 302-топ
Тақырыбы: Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау




Ғалым пікірі

Менің пікірім

1.Д.Б. Зиеденова «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Педагогиқалық өлшеулер орталығы» «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау ата-аналарға арналған ақпарат»




(5-бет)

Д.Б.Зиеденова өзінің еңбегінде қалыптастырушы бағалауға анықтама беріп, мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау және, өзара бағалау қалыптастырушы бағалауды құрайды деп көрсеткен. Ол қалыптастырушы бағалауда балаларға баға қойылмайды, олар өздері бір-бірін, ішінара немесе мұғалімнің бағалауы арқылы бағаланады деп жіктеген. Менің ойымша, қалыптастырушы бағалау - білім беруде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады және оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді.

2.О.И.Можаева «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Педагогиқалық өлшеулер орталығы» «Оқушыларды оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы»




Англиядағы оқу үшін бағалау жүйесін төмендегідей сипаттамалармен беруге болады :
− оқыту үдерісі мен оқу толық кіріктірілген және олардың ажырамас бөлігі болып табылады;
− мұғалімдерге де, оқушыларға да оқу мақсаттарын талқылау, келісу ұсынылады;
− оқушылардың оқу мақсаттарына жетуде қажетті көмек көрсетуге бағытталады;
оқушыларды өзін-өзі бағалауға және өзара бағалау үрдісіне қатыстырады;
− оқушылардың келесі қадамдарын анықтау үшін кері байланысты қамтамасыз етеді;
− әр оқушының жақсы жетістіктерге жетуіне болатындай сенімділігін шыңдайды;
− мұғалімдер мен оқушыларды бағалау мәліметтерін қарастыру және рефлексиялау үдерісіне қатыстырады
(7-бет)

О.И.Можаева «Назарбаев зияткерлік мектептеріне» арналып жазылған еңбегінде Англиядағы оқу жүйесіндегі бірнеше сипаттамаларды, оның ішінде білім алушылардың өзара бағалау және өзін-өзі бағалау жүйесі бар екендігін көрсеткен. Яғни, Англиядағы білім алушылардың білімін бағалануда өзара және өзін-өзі бағалау сияқты түрлері қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет